«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспортшыға қалай көмектесеміз?

2015 жылғы 16 Маусым
- Қостанай облысы
16087 просмотров

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы отандық экспортшыларды қолдаудың қосымша механизмдерін дайындауды ұсынады. Атап айтқанда, жаңа нарықтарға өнімдерді өркендету кезінде дегустациялық іс-шараларға кететін шығынның орнын толтыруды көздеу.

«КaznexInvest» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, мемлекеттік органдар және Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен Өңірлік экспортшылар кеңесінің кеңейтілген отырысында ішкі нарық үшін тауар өндіруге де, экспорттық жеткізулер дамуына да кері әсерін тигізетін түйткілдер талқыланды. Олардың өзектілігі былтырғы жылмен салыстырғанда шетелге жіберілетін қостанайлық тауар өндірушілер өнімі көлемінің қысқаруымен байланысты болып отыр.

«Баян Сұлу» кәсіпорны Ресей мен Әзербайжанға экспорттың 39 пайызға төмендегенін мәлімдесе, «Корона Экспорт» ЖШС оны 30% қысқартты және тіпті көршілес Челябинскіге сатудың тиімділігін көріп отырған жоқ. Құс өсірушілер экспорттың орташа алғанда 40% қысқарғанын атайды.

Бизнесмендер себеп ретінде көршілес елдер экономикасындағы тұрақсыздықты, атап айтқанда, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсерін тигізбей қоймаған ресейлік рубль девальвациясын атап отыр. Дей тұрғанмен, басқа да факторлар жоқ емес: қаржылай қаражаттың қолжетімсіздігі және өндірістік және көлік шығындары құнының жоғарылығы. Өндірушілерге жиі кездесіп тұратын ҚҚС қайтарудың ұзақтығы бұрынғыша өзектілігін жойған жоқ.

Экспортшыларды қолдаудың тиімді шараларының бірі – қаржылай шығынның бір бөлігінің орнын толтыру, сондай-ақ шетелде кредиттерді, төлем кепілдіктерін және инвестицияларды сақтандыру. Бұл туралы отырыста «ҚазЭкспортГарант» АҚ өкілдері еске салды. Сонымен қатар, сапаны, тауардың шығу тегін, сәйкестікті сертификаттауға фитосанитарлық сертификаттауға шығынның орнын толтыру әрекет етеді.

«Қостанайлық кәсіпорындардың тәулік сайын бірнеше бағыттарға бірнеше вагоннан жөнелтетінін ескере отырғанда айтарлықтай сома шығады. Жыл қорытындысы бойынша біз 3-6 млн теңгенің орнын толтырамыз және бұл тек ішкі сертификаттау. Оған қоса, егер, мәселен, Мәскеуде іс ашайын жатқан болсаңыз, онда қоймалар, кеңселер мен сауда нүктелерін жалға алуға 50% орны толтырылады», - деп атады «Кaznex Invest» АҚ басқарушы директоры Галина Шаханова.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары өз кезегінде қолдаудың қосымша нұсқаларын дайындауды ұсынды. 

«Бизнесмендер тауарлар дегустациясына кететін шығын орнын толтыру мәселесін бірнеше мәрте көтерді. Өз өніміңді шетелге таныстыру – щығынды іс. Ал тұтынушының өнімнің дәмін татып, оның табиғи қасиеттерін бағалауы қаншалықты маңызды екенін ескере отырсақ, бұл шығындардың өтемақысы біршама тиімді шара болар еді», -  деп мәлімдеді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Сонымен бірге Палатада бұрын бірнеше мәрте сөз болған түйткіл бойынша шешім табылды. Ол ресейлік жеке кәсіпкерлер тұлғасындағы контрагенттерді сақтандырудың мүмкін еместігіне қатысты болды. Қазір мұндай сақтандыру үшінші заңды тұлға болған жағдайда ресімделуі мүмкін.

2010-2014 жылдары «Экспортшы 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында Қостанай облысының 42 кәсіпорны жалпы сомасы 102 млн теңгеге тауарларды өркендетуге кететін шығын орнын толтыру бойынша өтінім бергенін атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер