«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекет басшысы қабылдаған кешенді шаралар отандық орта және шағын бизнестің жаңаша деңгейде дамуына серпін береді – А.Мырзахметов

2014 жылғы 28 Ақпан
8640 просмотров

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен қабылданған кешенді әрі жүйелі шешімдер орта және шағын бизнестің жаңаша қарқында дамуына серпін береді, - деп мәлімдеді бүгін өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Енгізілген шектеу орта және шағын бизнес үшін революциялық шешім. Жарлық кәсіпкерлік саласындағы ахуалды түбегейлі түрде өзгертеді», – деді Абылай Мырзахметов.

Мырзахметовтың айтуынша, шектеу кәсіпкерлер тарапынан жауапкершіліктің артуына ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 27 ақпаны күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін орта және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мараторий жариялады.

«2015 жылдың 1 қаңтарында шыққан Жарлыққа сәйкес мен орта және шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге шектеу жариялаймын. Мен қазақстандықтарға бизнес жүргізуге қолайлы жағдай туғызу үшін Үкіметке бірнеше тапсырма бердім», - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер