Жас кәсіпкерлерге көмектесу керек пе?
«Атамекен» ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес отырысында осы сауалдың жауабы ізделді
Жастардың жеке ісін дамытуына берілетін гранттардың есесі қайта ма? Ісін бастаушы бизнесмендерге қандай көмек түрін көрсеткен тиімдірек? Қазақстандағы бизнес-білім беруді дамытудағы олқылықтар қай тұста жіберілген?
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңестің 3 отырысында осы және басқа да мәселелер талқыға салынды. Отырыста сонымен қатар жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдаудың халықаралық тәжірибесі қаралды.
Женева бизнес-мектебінің Орталық Азиядағы өкілі Алина Әбдірахманова Швейцариядағы жастар кәсіпкерлігін қолдау жайын сөз етті. Ол стартаптарға көңіл бөле отырып, 2014 жылы Швейцарияда 1518 осындай жоба тіркеліп, дамып жатқанын атады.
«Швейцариядағы жастар кәсіпкерлігінің басты ерекшелігі биотехнология, медициналық технологиялар, ақпараттық кластер саласындағы инновациялық жобаларға көп көңіл бөлінетіндігінде», - деді Алина Әбдірахманова. Ол сонымен бірге стартаптардың шоғырлану нүктесі Федералдық университет болып табылатынын атады. Оның айтуынша, негізгі және басты қолдауды ең алдымен ірі университтер көрсетеді. Олардың базасында стартаптарды кеңсемен ғана емес, сараптамамен және бастапқы қаржыландырумен қамтамасыз ететін технопарктер құрылады. «Яғни стартапты жай ғана іске қосу және қандай да бір идеяны табу аз. Старт үшін бастапқы капитал болуы да өте маңызды», - дейді Женева бизнес-мектебінің Орталық Азиядағы өкілі.
Алина Әбдірахманова сонымен қатар жас кәсіпкерлерге жеңілдікті жағдайлар жасаудың, көбіне тәжірибесіздігі мен жастығының салдарынан мақсатты түрде қолданбайтын гранттар берілуінің дұрыс болатынына күмән келтірді. Оның ойынша, шағын пайыздармен кредит бөлу біршама дұрыс қадам болып табылады. Тағы бір түйткіл жас кәсіпкерлерде байланыстардың, сонымен қатар тәжірибенің жоқтығы болып табылады.
«Бастау» бизнес-мектебінде оқып шыққан стартапер Ерік Сәрсембеков те бұған келіседі. Ол «жас, ісін бастаушы кәсіпкерлерге грант беру – ақшаны босқа құрту» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жас бизнесмендерге кредит бөлу туралы мәселені шешуде талап етілетін ЕДБ, түрлі қаржы институттары үшін ұсынылатын құжаттарды бірегейлендіру қажет.
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі саяси-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары Патрик Хорн өз тәжірибесімен бөлісті. АҚШ-тан келген қонақтың ойынша, жетістікке жеткен кәсіпкерлер – бұл тұрақты экономикалық даму негізі. Оның айтуынша, АҚШ-та жастар кәсіпкелігін қолдауды мақсат тұтқан бірқатар үкіметтік бағдарламалар бар екен. «Ісін бастаушы бизнесмендер бизнес-жоспар жазудан бастап, маркетинг, еңбек құқығы мен бухгалтерлік есеп сияқты түрлі салалар бойынша тегін оқытылады», - деді америкалық елшілік өкілі. Ол сонымен бірге мемлекеттің ісін бастаушы кәсіпкерлерге өз идеяларын енгізуге тырысуына, өз бизнесін дамытуына бөгет жасамауы керек.
Оның айтуынша, АҚШ-та ересектердің 10-17 пайызы стартаптар құруға белсене қатысады екен. 10 жұмыскердің ішінен біреуі немесе 18 млн адам жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға және басқаруға белсенді түрде тартылған.
ҚазМЗУ АҚ басқарма өкілінің орынбасары Надежда Коробко айтып кеткендей, жоғары оқу орнында заманауи басқару және көшбасшылық технологияларын меңгерген, бизнес жүргізудің барлық аспектілерін жақсы білетін және тиімді басқаруға әрі бәсекелестік жағдайында дамуға қабілетті кәсіпқой басқарушы кадрларды даярлаумен айналысатын бизнес-мектеп құрылған.
«Өкінішке орай, Қазақстандағы бизнес-білімнің дамуына халықаралық ұйымдар елеулі үлес қосып отырады. Жүздеген кәсіпкерлер, қазақстандық компаниялардағы жоғарғы және орта буын басшылары шетелде оқып келуге мәжбүр. Осылайша, бизнес-білім беру нарығы қалыптасты және қазірде қалыптасу және даму сатысында жатыр», - деп атады ҚазМЗУ өкілі.
Астанадағы ALMA university өкілдігінің директоры Вячеслав Хванның ойынша, «Қазақстанда бизнес-білімнің қолжетімділігі жоққа тән». Оның айтуынша, кәсіпкерліктің қыр-сырына балабақшадан, мектеп қабырғасынан бастап оқыту қажет.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев талқылау қорытындысын түйіндей келе өңірлерде жастар кәсіпкерлігін дамыту қажеттігін, осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлеп, кәсіпкерлер үшін курстар ұйымдастыру қажеттігін атады.
Оның айтуынша, бүгінде кәсіпорындар үшін менеджерлер даярлау қажеттігі де бар, себебі жаңа жобалар кейде сауатты әрі білікті мамандар болмауынан сәтсіздікке ұшырап жатады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: