«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-ханымдар Кеңес құрды

2015 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
15080 просмотров

Алматылық бизнес-ханымдар басқаруды өз қолдарына алады

Өз түйткілдерін шешіп, өз идеяларын өркендету үшін бизнес-ханымдар Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жанынан Іскер әйелдердің өңірлік кеңесін құрды. Ұйымды «халық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова басқарады.

«Қазақстанда гендерлік мәселені көтеру онша дұрыс емес. Менің ойымша, жалпы күрделі мәселелерді қозғау қажет, ал егер әйелдерге қатысты болып жатса, оны да шешеміз», - деді Кеңестің алғашқы отырысында Үміт Шаяхметова.

Ол Алматының кәсіпкерлік саласындағы жетекші өңір болып табылатынын, сондықтан да алматылық бизнес-ледиге бар жағдай жасалғанын атады.

«Заңнамалық өзгертулер, салықтар бойынша қандай да бір нақты ұсыныстар мен бастамалар айтылса деймін... Деректер, сандар, нақты негіздемелер, мәселелер қажет. Оларды шешуге, мәнін ашуға болады. Ұжымдық дауыс – кабинеттер аралап, бірдеңе шешуге тырысқанға қарағанда, ол салмақтырақ”, - деп баса көрсетті Кеңес төрағасы.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова Кеңестің басты мақсаттарының бірі ісін бастаушы кәсіпкер әйелдерге көмек пен қолдау көрсету болып табылатынын атады.

«Жеке бизнес-идеяларды іске асыру үшін осы алаңды пайдалануға болады. Бірақ жас қыздардың тәжірибелік көмек алғаны өте маңызды, - деді Ләззат Рамазанова. – Сіздерге, сенімді де табысты әйелдерге қарап қыздар осы деңгейлеріңізге ұмтылатын болады. Сіздер үлгі боласыздар. Алайда сонымен бірге қатарларыңыздың толығып, нығая түскенін де қалаймыз».

Ләззат Рамазанова Әйелдер кеңесіне кіргендердің көпшілігінің сонау қиын-қыстау 90 жылдар сынағынан өткенін, бизнесте үлкен тәжірибеге ие екенін атады. Олардың бөлісері бар.

«Атамекен» міндеті – жүрісі өнімді пойызға тағы бір составты қосу. Алматы Іскер әйелдер кеңесінің алаңы басқаларға үлгі болса дейміз. Бұл өңірдің іскерлік кеңес құрылуы тарихын аяқтап отырғаны кездейсоқ емес», - деп баса көрсетті Ләззат Рамазанова.

Хатшылық басшысы айтып өткендей, мұндай орган алғаш рет жоғарыдан болған бұйрық бойынша емес, жеке бастамамен құрылып отыр.

«Ойын ережесін өздеріңіз орнататын боласыздар. Кеңес есігі баршаға ашық. Оның құрамы жөнінен шектеу жоқ. Сіздер алға тартатын бастамаларды басқа өңірлерде де өркендететін боламыз», - деді Ләззат Рамазанова.

Бизнес-ханымдар Кеңес құрылуына қолдау көрсетіп, оның түйткілдерді шешуге болатын шынайы іскерлік алаңға айналарына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер