«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алу порталына тіркелудің қарапайым жеті қадамы

2015 жылғы 05 Маусым
22703 просмотров

Кәсіпкерлердің www.ks.gov.kz порталына тіркелу тәртібіне қатысты сұрауларының жиілеп кетуіне орай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірушілері тізілімі» порталына тіркелудің қарапайым 7 қадамын дайындады.

Порталда тіркелу отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірушілердің сатып алуларда басымдылық алуына мүмкіндік береді. Портал операторы «NADLoC» АҚ болып табылады.

Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында тапсырыс берушілердің міндетті шартты жеңілдікті ұсынуы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жер қойнауларын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесі», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңында және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алу ережелерімен көзделгенін еске саламыз.

Қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімін  мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік сыңайлы компаниялар, жер қойнауларын пайдаланушылар басшылыққа алады.

 WWW.KS.GOV.KZ ПОРТАЛЫНА ТІРКЕЛУДІҢ ҚАРАПАЙЫМ 7 ҚАДАМЫ

1. Браузер терезесінде www.ks.gov.kz электронды мекенжайын (бұдан әрі – Портал) енгізу және Порталға өту:

2. Тіркелу үшін Порталда «Регистрация» («Тіркеу») батырмасын басу қажет:

3. Бұдан әрі мына сілтемемен өту қажет:

4. Ашылған «Пайдаланушының тіркеу сауалнамасы» формасында сауалнамаға сәйкес барлық сәйкес алаңдарды толтыру және «Отправить» («Жөнелту») сілтемесімен өту қажет:

5. Барлық қажет алаңдар толтырылған соң ЭСҚ сетификатын таңдау сұхбат терезесі ашылады:

6. ЭСҚ сертификатын таңдағаннан кейін осы сертификатқа деген парольді көрсетіп, «Подписать» («Қол қою») сілтемесімен өту қажет:

7. Жүйе ЭСҚ сертификатын тексергеннен кейін деректерді шифрлау және деректер базасын жаңарту процесі басталады, уақыт мөртаңбасы жазылады.

 

1. «Пайдаланушының тіркеу сауалнамасын» толтыру бойынша біршама егжей-тегжейлі ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз:http://ks.gov.kz/download/reg_instruction.doc

2. Өтініш беруші «Пайдаланушының тіркеу сауалнамасын» толтыруда қате жіберген жағдайда мына мекенжайға сәйкес хат жолдау қажет: portal@nadloc.kz

3. «Тауарлар, жұмыстар және қызметтер мен олардың жеткізушілерінің деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 9 тармағына сәйкес, «NADLoC» АҚ 10 жұмыс күні ішінде жеткізушінің құжаттарын сәйкестікке тексереді. Тексеріс нәтижесі бойынша құжаттар пакеті сәйкес келген жағдайда 2 жұмыс күні ішінде деректер базасына мәліметтерді енгізеді, ал құжаттар пакеті сәйкес келмеген жағдайда, электронды мекенжайға деректер базасына енгізуден дәлелді бас тарту жолдайды.

4. Электронды сандық қол (ЭСҚ) – электронды сандық қол құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігі мен мазмұнының өзгертмейтінін растайтын электронды сандық символдар жиынтығы. ЭСҚ-ны Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында орналасқан Ұлттық Куәландыру Орталығы Тіркеу Орталығынан алуға болады немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландыру Орталығының сайтында www.pki.gov.kzwww.egov.kz. мекенжайы бойынша онлайн өтінім толтырып алуға болады.

5. «NADLoC» АҚ байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000
Тұран көш., 18, «Тұран18» бизнес-орталығы, 4 қабат
Тел/факс: 8-7172-79-95-15 (қабылдау бөлмесі)
Web-сайт: http://www.nadloc.kz

Еншілес ұйымдар

Серіктестер