«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абыройын қорғап қалды

2015 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
14053 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы негізсіз түрде мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп танылған жеке кәсіпкердің мүддесін сотта қорғауға көмектесті.

2015 жылғы 2 маусымда Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (МАЭС) Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жеке кәсіпкерлікке қарсы қуыным талабын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңына сәйкес, департамент байқау қорытындысын жариялағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қойып, байқау жеңімпазына жолдауға тиіс болған. Ал жеңімпаз өз кезегінде қол қойылған шартты 7 күн ішінде ұсынуға тиіс. Алайда мемлекеттік мүлік департаментінің өзі мерзімді бұзып, құжатты уақытында ұсынбаған.

«Сонымен бірге Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жеке кәсіпкерлікке ақыры ұсынылмаған. 11 наурызда ЖК мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тарту хатын жолдайды», - деп түсіндірді Палата заңгері Ләззат Ақылжанова.

Заңгердің сөзіне сүйенсек, талапкер сотқа мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қол қойылған жобасын белгіленген мерзімде жолдағанына және оны ЖК алғанына дәлел ұсынуға тиіс болған. Алайда олардың қуыным арызына қоса тіркеген ілеспе хаты бұл деректі дәлелдемейді.

Сонымен қатар, департамент мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзған. Ол бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті жеткізуші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы, не болмаса басқа да тәсілдермен келіссөз жүргізуге жол берілмейді.

«Тараптар бағаны бұрын, электронды аукционды өткізгенге дейін келісіп алған. Бұл 31 бап 6 тармаққа сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында айталықтай шарттар,сонымен бірге техникалық шарттар көрсетілуге тиіс болған. Ал тапсырыс беруші шарт жобасында бұлай жасамаған», - деп атады Палата заңгері.

Сонымен қатар әлеуетті жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа қуыныммен жүгіну мерзімі де бұзылған. Заңнама бойынша , департамент 2015 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей сотқа қуыныммен жүгінуге тиіс болған, ал қуыным сотқа тек 20 сәуірде келіп түскен.

Сот барлық мән-жайларды ескере отырып, Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жеке кәсіпкерге қарсы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану қуыным талабын қанағаттандырудан бас тартады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер