«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мақұлданды

2015 жылғы 04 Маусым
- Алматы қаласы
14293 просмотров

Алматыда Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін орындаушы Юрий Тілеумұратов қатысушыларды Палата қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сонымен қатар 2015 жылға арналған жаңартылған Жұмыс жоспарын бекітуге ұсынды.

Юрий Тілеумұратов Өңірлік палатаның ҰКП съезінде жұмыс бағдарламасы ретінде қабылданған қызметтің «Тоғыз бағыты» бойынша жұмыс жасайтынын айтып берді.

Шағын пікірталастан кейін Өңірлік кеңес мүшелері ұсынылған бағыттарды болашақта сертификаттаудың қажеттігін қарау деген ремаркамен бекітті. Осыдан соң екінші мәселе – жұмыс жоспарын бекітуді талқылауға көшті.

Жалпы, жоспар аздаған түзетулермен мақұлданды. Мәселен, Владимир Ермаков Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары желісін кеңейтуді – оларды әрбір ауданда ашуды ұсынды. Ол сонымен қатар қалада бизнес ахуалына мониторинг жүргізу қажет деп санайды. Ал Ерлан Стамбеков сервистік қолдауды белсендіруді және «Бизнесмен» қосымшасын тарату географиясын күллі елге кеңейту ұсынысын енгізді.

Басқа да ұсыныстар болды, сонымен бірге Палата жұмысында халықтың жұмысбастылығы мен мемлекеттік органдардың фискалды саясатын төмендетуге жәрдем көрсетуді басым орынға қою ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер