«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау кәсіпкерлері Қызылқоға ауданына көмек жолдады

2024 жылғы 04 Сәуір
- Атырау облысы
9582 просмотров

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңеспен бірлесіп, Атырау облысында су тасқыны болған Қызылқоға ауданына көмек жіберді.

Бүгін Атыраудан Қызылқоға ауданына аудан тұрғындары үшін гуманитарлық көмекпен автокөлік аттанды. Атап айтқанда, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері 1.2 млн теңге көлемінде қаржы жинады. Бұл қаражатқа азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар сатып алынды. Сонымен қатар, жергілікті жерде кеңес мүшелері бір тонна көлемінде жанармай және 3 бірлік арнайы техника (3 текше тиегіш-1 бірлік, «Беларусь» тракторы - 2 бірлік) ұсынды. Сондай-ақ, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Қызылқоға ауданы елді мекендерінің су тасқынынан зардап шеккендердің қажеттіліктері үшін бір күндік еңбекақыны жіберді. Жалпы сомасы 400 мың теңгеге аударым жасалды.

«Атырау облысының Өңірлік кеңесінің мүшелері мен Кәсіпкерлер палатасы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының Қызылқоға ауданына көмек көрсету туралы бастама көтерді. Палатаның аудандық филиалы бар, оның қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерді біріктіре отырып, алғашқы күндерінен бастап жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта және қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін орындарда болады. Біз қазіргі уақытта оларға қандай көмек қажет екенін сұрадық. Бүгін Қызылқоға ауданына азық-түлік және тұрмыстық заттармен автокөлік жолға шықты. Біз мүмкіндігінше көмек көрсетуді жалғастырамыз және оған облыстың басқа кәсіпкерлерін шақырамыз», - деп атап өтті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

 

 Су басқан аудандарға көмек көрсетем деуші кәсіпкерлер Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады, тел: 8(7122) 76-36-55, 8(7122) 76-36-64, сонымен қатар «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» қорына матиериалдық көмек жібере алады.

 «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве» реквизиттері:

 БСН 220140002583;
АО "Банк ЦентрКредит" есеп шоты: KZ268562203115072353;
«Банк ЦентрКредит» АҚ шоты:
БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БИН 980741000260 КНП 119.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер