Бюрократиядан ада құрылыс ісі
Бизнесмендер құрылыс саласындағы төрешілдікке шағынуды жалғастыруда
Құрылыс саласындағы рұқсат құжаттарын беруде шынайы жағдай нормативтік тұрғыда бекітілген тәртіптен айтарлықтай ерекшеленеді. Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасына да көптеген шағымдар келіп түсіп жатады.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, орташа статистикалық нысанды салу процесі шамамен 50 рұқсат құжатын (рұқсаттар, хабарламалар, келісулер, қорытындылар және т.с.с.), 260-тан астам қол алуды қажет етеді және шамамен 500 жұмыс күнін алады. Мұның бәрі өз кезегінде құрылысты бастау және аяқтау мерзіміне, ақырында құрылыс құнына әсер етеді.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары құрылыс процесінің өн-бойы ҚР Жер кодексінен бастап, Құрылыс нормалары және ережелеріне (ҚНжЕ) дейінгі түрлі нормативтік актілер деңгейінде бекітілгенін атады. Сонымен қатар, құрылыс саласында белгіленген мерзімдердің, ұсынылатын құжаттар тізбелерінің, қатысатын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың негізділігі күмән келтіреді. Қызмет көрсету кезінде «бір терезе» қағидаты жолға қойылмаған. Кейде мемлекеттік органдар артық құжаттар талап етеді, ал мемлекеттік қызмет көрсетудің бұрыннан келе жатқан стандарттары мен реттемелерінде қайшылықтар баршылық.
«Жекелеген рұқсат ету процедуралары қайта қаралып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының аясында жекелеген рұқсат ету процедураларының қайта қаралғанын және жеңілдетілгенін атап өтпеуге болмайды. Алайда бұрыннан келе жатқан реттемелер мен стандарттар бәрібір рұқсат ету процедураларының жүйемен жүруін айқындайды және «бір терезе» қағидатын жүзеге асырмайды», - деді Юлия Якупбаева.
ҰКП басқарма төрағасының орынбасары сонымен қатар Мемлекет басшысының құрылыс саласындағы рұқсат ету құжаттарын беруді реформалау қажеттігіне үлкен назар аударып отырғанын атап өтті. Ел Үкіметінің жақында өткен кеңейтілген отырысындағы сөзінде осы мәселе ескерілген болатын.
«ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанынан құрылған Құрылыс саласындағы құрылымдық реформаларды реформалау жөніндегі жұмыс тобы аясында ҰКП құрылыс саласында «Бірыңғай ұлттық құжат» жасау қажеттігін хабарлады», - деп ол еске салып өтті.
Юлия Якупбаеваның айтуынша, бұл құжатта мерзімдер мен процедураларды жай ғана белгілеу емес, қолданыстағы заңнаманың, сонымен бірге стандарттардың, реттемелердің, бұйрықтардың шашыраңқылығы мен келісілмегендігін кешенді түрде жою да маңызды.
«Бірыңғай ұлттық құжатта мемлекеттік органға алғаш рет жүгінуден бастап, нысанды пайдалануға берген сәтке дейінгі құрылыстың әрбір процесін егжей-тегжейлі нормативтік реттеуді көрсету қажет деп ойлаймыз. Уәкілетті органдар мен оларға қарасты ұйымдардың құжаттарды нақты қарау мерзімдерін белгілеу қажет. «Бір терезе» қағидатын толыққанды жүзеге асыру; кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қызметкерлермен байланысын барынша азайтып, олардың мемлекеттік сыңайлы сектор, еншілес органдар мен ұйымдар, сондай-ақ түрлі ЖШС, АҚ, РМК өкілдерімен байланысын толықтай жою қажет және тағы басқалары», - деді ол.
Юлия Якупбаева Ережеге барлық шашыраңқы мемлекеттік стандарттар мен реттемелерді қосу қажеттігін, сондай-ақ Рұқсат ету құжаттары тізбесінен құрылысқа тікелей қатысы жоқтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне пайдасыздарын алып тастау қажеттігін айта кетті.
Ол құрылымы жағынан Құжат жобалау-құрылыс жұмыстарын жүзеге асырудың негізгі төрт кезеңін егжей-тегжейлі көрсетуге тиіс екенін атады: «ШРҚ жинау және ресімдеу», «Жобалау», «Құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ)» және «Пайдалануға енгізу», сондай-ақ мына бөлімдер – тұрғын үйлерді және тұрғын емес жайларды қайта қалпына келтіру (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау); нысанның функционалдық мақсатын өзгерту; жер телімінің мақсаттық нысанасын өзгерту; бұзу.
«Бүгінде жұмыс тобы құрылып та қойды. Оның құрамына ҰКП, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстары басқармасы комитеті, әкімдіктер мен құрылыс ұйымдарының өкілдері кірді. ҰКП екінші кезеңде аталмыш Құрылыс салудың үлгілік ережесінде ҚР Қала құрылысы кодексі жобасын дайындауды болжап отыр», - деп қорытты Юлия Якупбаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: