«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бос тауаша іздеуде қолдау көрсетілді

2015 жылғы 03 Маусым
- Ақмола облысы
14903 просмотров

Ақмола облысы Астрахан ауылы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы кәсіпкердің жеке ісін кеңейтуге көмектесті

Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғыны Азамат Баймырза – он саусағынан өнер тамған шебер. Ол тігін машиналарын жөндеумен, илі тондар мен күртелерді жөндеумен, тапсырысқа аяқ киім тігумен айналысады. Клиенттер жеткілікті, бизнес жөнге қойылған, алайда кәсіпкер бизнесін кеңейтуге бел буыпты.

Азамат консультация алу үшін Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінеді. КҚО мамандары бос тауаша табуға көмектеседі. Бұл – кілттердің көшірмесін дайындау саласы болатын. Астраханка мен оның маңайындағы елді мекендер тұрғындары кілт көшірмесін жасату үшін уақыты мен ақшасын жұмсап, Астанаға барады екен. Бизнесмен аталмыш кәсіп түрының бар басымдылығына бірден баға беріп, әмбебап білдек сатып алды, ал оған ризашылығы зор ауылдастары «жарнама» жасап берді.

Кәсіпкер жақында қалған жабдықтарды сатып алып, кілт әзірлеуге қосымша құлыптарды жөндеуді қолға алуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер