«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шешім бизнесмен пайдасына шығарылды

2015 жылғы 03 Маусым
- Жетісу облысы
14840 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесмен құқығын қорғап қалды

«Central Security Services» ЖШС басшысы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына қаржылық бақылау инспекциясының тексеру актісіне шағынуда көмек көрсетуді сұрап жүгінді. Палатаның құқықтық блок заңгерлері барлық мән-жайды қарап шығып, сотқа қатысты.

Мамыр айында Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қаржылық бақылау инспекциясы енгізген бұзуларды жою туралы ұсынысты заңсыз деп танып, оның күшін жою туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар қаржылық бақылау инспекциясының байқау комиссиясының шешімінің және Талдықорған қаласы Туберкулезге қарсы қарсы облыстық диспансері мен «Central Security Services» ЖШС арасында жасалған мемлекеттік сатып алу шартының күшін жою туралы қуыным арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды.

Екі шешім де Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының белсенді ат салысуымен кәсіпкер пайдасына шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер