«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңды бұзбай жұмыс жасау

2015 жылғы 03 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
15862 просмотров

Сәл бұрын сөз болған Батыс Қазақстан облысы Палатасының жеке кәсіпкер Еламан Машаевтың құқығын сотта қорғау оқиғасы жалғасын тапты.

БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Ивушка» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы ақпан айында сұйық жуындыны шығаруға шарт жасасқан «Машаев Е.» жеке кәсіпкерлігін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы қуынымынан бас тартқанын еске саламыз. «Ивушка» мемлекеттік мекемесінің директоры С.М. Жұмағұлов өзінің сотқа жүгінуін септиктердің асып кетуіне қауіптенгендігімен негіздеді. Жеке кәсіпкер ол орынға барудан бас тартады.

Кәсіпкер мүддесін сотта Өңірлік палата құқықтық блогының сарапшылары танытты. Істің мән-жайын анықтаған кезде септиктердің толып кету қаупі жоққа шығып, шақырудың демалыс күні жасалғаны, ал шарт бойынша жұмыстың жұмыс күндері жасалуға тиіс болғаны анықталды. Сот «Ивушка» ММ қуынымынан бас тартты, сонымен бірге директор әрекетінен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңында көзделген құқық бұзу белгілері анықталған. Осыған орай бұл деректер Палата бастамасымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы БҚО Тәртіптік Кеңесінде қаралды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен «Ивушка» мемлекеттік мекемесінің директоры С. Жұмағұлов лауазымынан босатылады.

«Еламан Машаевтың түйткілін шешіп жатқанда ол «Ивушка шипажайы» ММ шаруашылық бөлігін меңгеруші С.Күйшібековтың «қамқорлық» үшін ақша сомасын сұрап, қоқан-лоққы көрсеткенін есіне түсірді. Кәсіпкерге мұнда қылмыстық іс дерегі анық көрініс беретінін және құқық қорғау органдары жүгіну қажет деп кеңес бердік», - деп хабарлады директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотов.

Шипажайдың шаруашылық бөлігінің меңгерушісі 2014 жылғы ақпан айынан бері кәсіпкерден үнемі шарттың жалпы сомасының 10%-н алып отырған екен. Осылайша, заңсыз берілген қаражат сомасы 120 000 теңгені құрып отыр.

Кәсіпкер жүгінуі негізінде қылыстық іс қозғалып, айыптау қорытындысымен сотқа жолданды. 2015 жылғы 15 мамырда қылмыстық іс Орал қаласы сотында қаралып, аталмыш деректер расталады.

Сот үкімімен «Ивушка» Шипажайы» ММ шаруашылық бөлігінің меңгерушісі С. Күйшібеков алаяқтық, арандатушылық, парақорлыққа кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын алады. Сот сонымен қатар кәсіпкерге 120 000 теңге сомасында материалдық залал орнын толтыру туралы шешім шығарды.

«Кәсіпкерлік қызметке араласу және лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттер деректері Кәсіпкерлер палатасы назарынан тыс қалмайды, барлық деректер бойынша сәйкес шаралар қолданылады. Өкінішке орай, кейде кәсіпкерлер бопсалаушының жетегінде кетіп, заңды бұзып жатады. Мұндай жағдайларда кәсіпкерлерге пара берудің құқық бұзушылық болып табылатынын түсіндіріп, оларды құқықтық алаңда жұмыс жасауға шақырамыз. Кәсіпкерлер талап етілген соманы төлесе, болашақта өздеріне қамқорлық тауып, тендер алу кепілдігіне ие боламыз деп ойлайды, осылайша, сыбайлас жемқорлық шеңберін тұйықтайды. Сондықтан да кәсіпкерлермен кездесулерде үнемі осы жайлы ақпарат беріп, республиканың қолданыстағы заңнамасы аясында жұмыс жасауға үндеп отырамыз», - деді Нұржан Мақсотов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер