Жер дауы
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 4 отырысында «МЖК Строй» ЖШС (Көкшетау қаласы) өтініші қаралды.
Құрылыс фирмасының басшысы Серікжан Бақаев Кеңес мүшелеріне ұзаққа созылған оқиғаға айналған істің мән-жайын баяндап берді. Оның айтуынша, 2003 жылы ол азаматтық-құқықтық мәміле негізінде заңды иегерлерінен аяқталмаған құрылыс нысандарын сатып алады. Алайда 2007 жылы Көкшетау қаласының бас сәулешісі Әбенов құжаттарды қолдан жасау жолымен нысанды үшінші тұлғаға береді, ол осы аяқталмаған нысанның сыртқы өлшемдерін ішінара өзгертіп, үлескерлер қаражатына тұрғын үй тұрғызады.
«Облыс прокуратурасына, Бас прокуратураға бірнеше мәрте жүгіндік. Сонымен қатар, осы деректер бойынша сот шешімдері шағырылып, біз 8 (!) түрлі себептер бойынша бас тартуды жеңіп алдық», - деді кәсіпкер.
Сонымен бірге, оның айтуынша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі берген ақпаратқа сәйкес, Әбенов прокуратура ұстанымына қарамастан, қандай да бір тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, бұл оның қайтадан Көкшетау қаласы бас сәулетшісі лауазымына жайғасуына мүмкіндік береді.
«Ол сонымен бірге аталмыш аяқталмаған құрылысқа деген барлық шағымдарымыздың заңнамалық базасы жоқтығын айты, ал сот шешімдері ол үшін ешқандай заңды күшке ие емес және аталмыш қозғалмайтын мүлікке деген біздің құқықтылығымызға дәлел болып табылмайды. Меншік құқығы ҚР Конституциясымен кепілдендірілетініне қарамастан, біз аталмыш телімге тиісті түрдегі ресімдеусіз оны пайдалана алмаймыз, шығынға да ұшырап жатырмыз», - деп назаланды Серікжан Бақаев.
Ол сонымен бірге 2007 жылы бұл нысандардың 100 млн теңгеден астам сомаға бағаланғанын атады.
«Атамекен» ҚР ҰКП Құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко айтып өткендей, «бұл өзінің мемлекет алдындағы міндетін адал ниетпен орындап жүрген кәсіпкердің өз құқығы мен заңды мүдделерін құқықтық алаң аясында алға тартып отырған көп оқиғалардың бірі».
ҰКП ойынша, Көкшетау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары «МЖК Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аяқталмаған құрылысы орналасқан жер теліміне деген құқықтан айырған.
Оның айтуынша, бұл оқиғаның жалғасып келе жатқанына 10 жылдың жүзі болған, сот процестері үзіліссіз жүріп жатыр, алайда сот шешімдері формалды түрде атқарылады, әкімдіктің бір қаулысын екіншісі алмастырып жатыр.
Көкшетау қаласының ауданаралық экономикалық соты әкімдік әрекетін заңсыз деп тапты, шешімді Жоғарғы соттың қадағалау сатысы қолдап отыр. Бұл мәселе бойынша құрылыс фирмасы құқық қорғау органдарына бірнеше мәрте жүгінген.
«Прокуратураның бірнеше мәрте жауап қатуы, Ақмола облысы аумақтық жер инспекциясының бұзушылық жайлы ұсынысы бар, алайда «МЖК Строй» ЖШС директорының өтініштерін қараушы құқық қорғау органдары барлық жағдайларда қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отырған, ал кәсіпкер жер теліміне деген өз құқығын сол беті іске асырмайды», - деп түсіндірді Олег Савеленко.
Құқықтық қорғау департаменті басшысының айтуынша, Бас прокуратура жер телімін ұсыну туралы шешім қабылдауда және бас сәулетшіні тәртіптік жауапкершілікке тартуда заңсыздықтарға жол берілу дерегін растады. Ол сонымен қатар бұрын сыбайлас жемқорлық бұзушылығымен жауапкершілікке тартылған шенеуніктің тура сол лауазымға қалай қайтып келгеніне түсінбестік танытты.
Қазірде қылмыстық іс қозғалып, тергеу сатысында жатыр, ал Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан «МЖК Строй» ЖШС директоры Серікжан Бақаевқа консультативтік-құқықтық көмек көрсетілуде.
«Қазір қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпкер Бақаевтың өтініші сотқа дейінгі тергеу Бірыңғай тізіліміне тіркелді, және де ол аталмыш мәселе бойынша жәбірленуші деп танылды. Бұл мәселе ҰКП құқықтық қорғау департаментінің бақылауында, және де ол біз үшін кәсіпорын директорының құқығын және заңды мүделерін қорғау тұрғысынан принципті болып табылады», - деп түйіндеді Олег Савеленко.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Азат Пераушев отырыс жұмысына қорытынды шығара отырып, аталмыш оқианы сорақылыққа теңеп, бұл мәселе бойынша қала мен облыс басшылығына жүгіну қажет деп мәлімдеді. Олар мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, қоластындағылар әрекеті үшін жауапкершілікте болуға тиіс.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: