«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлік тұрағы төңірегінде туындаған дау

2015 жылғы 27 Мамыр
- Ақмола облысы
16218 просмотров

Кәсіпкер Бибіғайша Искакованың өзіне тиесілі «Гүлшира» дүкеніне көлік тұрақтайтын орны бар кіре-беріс салуға талпынып жүргеніне жеті жылдан асыпты. Кәсіпкер ханым аумақты абаттандыруға кететін қаражатты жеке шотынан бөлмекші. Былай қарап тұрсаң, бәріне де пайдалы – кәсіпкерге де тиімді, сатып алушыға да ыңғайлы, және де, әрине, қаланың да сыртқы бейнесі көркейер еді.

Алайда таяу араға дейін ойлағанын іске асыру мүмкін болмады. Сәулет және құрылыс бөлімінің дүкен алдында көлік тұрақтауына рұқсатының болмауы кедергі болады. «Сәулетшілер» бұны жоспарланған тұрақ орнынан телекоммуникация желісінің өтуімен түсіндіріп отыр.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары аудан әкімдігіне аталмыш мәселені шешуде жәрдем көрсетуді сұрап хат жолдады. Әкімдіктің тапсырмасымен, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директорының қатысуымен тараптардың кездесуі өтті. Ақырында, сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы дүкенге барар жолда кіре-беріс жолда құрылыс жүргізуге рұқсат берді.

 «КҚО көмегіне рахмет айтамын. Енді ісім алға жылжитын болды», - деп бизнесвумен алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер