«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүрек жылуы

2015 жылғы 26 Мамыр
- Маңғыстау облысы
19695 просмотров

Мектеп-интернат тәрбиеленушілері сахнада өнер көрсетіп, өлең оқыды, әндер шырқады. Шағын концерттік бағдарламаның соңында балаларға сыйлықтар мен тәттілер табысталды. Бүгінде интернатта түрлі даму кемшіліктері бар 108 бала білім алады, соның ішінде 71 мүгедек бала бар. Төрт бала жеке үйде оқытылады. Интернатта 42 оқушы тұрып жатыр. Негізінде, бұл көруі әлсіз дамыған балалар - 70, бір соқыр және 36 құлағы мүкіс бала. Балаларда негізгілермен бірге бірнеше ілеспе диагноз да бар – психикалық дамудың іркілісі, тіл мүкістігі, БЦС, балалар аутизмі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директоры Жаңылхан Сейтмұхамбетованың айтуынша, ұжым оқушыларды тәрбие жұмыстарына тартып отыруға тырысады. Балалар мектепке мейірімді адамдар келіп, әрқайсысына керемет көңіл-күй мен жүрегінің жылуын сыйлағанда қуанышқа кенеледі.

«Тәрбиеленушілеріміз облыстық, республикалық байқауларға белсене ат салысады, жүлделі орындарды да жиі алып тұрамыз. Күнделікті өмірде белгілі бір қиындықтарға ұшырасып отыратын бұл балалар мен олардың ата-аналарына айналадағылар тарапынан бөлінетін көңіл мен қолдаудың маңызы зор. Ондай адамдар баршылық, осы үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын», - деді ол.

Ақтау Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлжан Қаламқали тәрбиеленушілер мен мектеп мұғалімдерінің алдында сөз алып, қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, интернат тәрбиеленушілері көрсеткен ән мен бидің мүмкіндіктің шектеулілігіне қарамастан, дарынды балалардың өсіп келе жатқандығына куә болатынын атап өтті.    

«Мұндай кездесулер дәстүрге айналатын болады, және де әр мерекеде бизнесмендер мүмкіндігі шектеулі балаларды естен шығармайды, әркім өз мүмкіндігінше көмектесетін болады. Бұл мәселеде жәрдемімізді аямаймыз», - деп атады ол.

Қонақтар интернат әкімшілігінен алғысқа ие болып, олардың мүмкіндігінше жиі келіп тұруы сұралды. «Балаларды назардан тыс қалдырмаймыз, және де осы жерге жиі қонаққа келіп тұратын боламыз», - деп Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері уәде берді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Балаларға арналған мереке
2 Маусым
2015
Ақмола облысы
«Бар жақсымыз - балаларға!»
2 Маусым
2015
Жамбыл облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер