«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО Іскер әйелдер кеңесінің «Көктемгі құлпыру» шеберлік сабағы өтті

2020 жылғы 10 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
8217 просмотров

Макияжды дұрыс әрі денсаулыққа зиян келтірмей қалай жағу керек? Әдемі шаш үлгісін әрі маникюрді қалай жасаған абзал? Бұл туралы «Арба» ҚБ мүшелері, «Марафет» сұлулық салонының шеберлері айтып берді

 «Арба» алаңында өткен көшпелі семинар БҚО Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен өтті. Тырнақ сервисі, визаж және шаштараз қызметі қыз-келіншектер арасында қашанда сұранысқа ие қызметтер. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктің мүшелері бизнеспен айналысқысы келеді, бірақ көңілге ұнайтын кәсіпті таңдау қиын мәселе.

 «Бизнес ашуды бұрыннан бері жоспарлағам. Табиғатым бойынша белсендімін, қоғамдық істермен айналысамын, кеңес беремін, іспен көмектесемін аруларға. Олар сұлулық индустриясында осындай семинарды өткізуді көптен бері сұрап жүрген. Бүгін мен көп білім мен оң әсер алдым. Қоғам жанынан кішігірім салон ашып, маникюрмен айналысуды жоспарлап отырмыз. Бұл әйелдер үшін қосымша табыс болмақ. Осындай іс-шараны ұйымдастыруда қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет», – деді «Арба» ҚБ төраймы Гүлмира Батпақұлова.

Қыз-келіншектерге дұрыс бояу машықтары үйретілді. Шебердің айтуынша, маникюр жасауда санитарлық нормаларды қатаң ұстанған жөн, барлық қылқалам, аппликатор, спонждар және басқа да сайман стерильді болуы шарт, өйткені шебер тырнақ платинасымен жұмыс істеп, терімен жанасады. Термикалық өңдеу жасау керек, ал қолғап пен егеуіштер бір реттік болуы керек. Маникюрмен айналысам деушілерге барлық кезеңдер көрсетілді.

 «Іс-шара кеңес беруге бағытталған. Дұрыс өңдеу мен жұмысқа дайындық, жұмыс үстелін дайындау және медициналық тексеруден өту – бастапқыда міндетті шарттар», – деді БҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, іс-шара ұйымдастырушысы, «Сұлулық және денсаулық» комитетінің төрайымы Динара Қазиева.

 Акция соңында «Марафет» салонының иесі мұндай кездесулер жалғасын табатынын айтты, ары қарай оқу семинарларын салон базасында да өткізуге болады, онда мүмкіндігі шектеулі қыздарға жағдай қарастырылған.

БҚО Іскер әйелдер кеңесі атынан «Сұлулық және денсаулық» секторының төрайымы Динара Қазиева «Арба» ҚБ мүшелеріне маникюрге арналған шамды сыйға тартты. Бизнес бастаудағы алғашқы қадам жасалды! Кеңес мүшелері ермегін табыс көзіне айналдырғысы келетіндерге көмек беруді жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер