«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Осындай Хартия бар!

2015 жылғы 25 Мамыр
14361 просмотров

Түрлі формадағы сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді, адал бәсеке мен инвестициялар ағымын шектейді.

Кәсіпкерлік сбубъектілері Қазақстанның тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуде жетекші роль алады және халықаралық стандарттар мен жетекші әлемдік тәжірибеге сәйкес сыбайлас жемқорлықты жоюға жәрдемдесу бойынша әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алуға тиіс. Жекелеген кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарына қатысуы жалпы кәсіпкерлік қоғамдастыққа көлеңке түсіретінін түсінеміз.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және кәсіпкерлік қоғамдастық субъектілері атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің Хартиясын қабылдау ұсынылады.

Хартия ережелері жетекші халықаралық тәжірибеге негізделген сыбайлас жемқорлықты ескерту және оған қарсы іс-қимыл механизмдерін енгізуге бағытталған отандық бизнестің ерікті міндеттемелерін қамтамасыз етуге арналған.

Хартияда көрсетілген қағидаттар мен ережелер корпоративтік басқару, ашықтық және есептілік, корпоративтік сыбайлас жемқорлықты жою, еңбек ұжымдарымен жұмыс жасау, серіктестермен, контрагенттермен және клиенттермен қарым-қатынас, сатып алу және мемлекетпен ынтымақтастық процедуралары жөніндегі нормалар мен процедураларға қатысты.

Кәсіпкерлер Хартияға қосыла отырып, жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстануды растайды және Хартия қағидаттары мен ережелерін жүзеге асыруда жауапкершілікті өз мойнына алады.

Хартия тіркелу орны, қызмет саласы мен көлеміне қарамастан, Қазақстанның кез-келген кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті қосылуына ашық.

Ұлттық палатаға кәсіпкерлік тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша процесс үйлестірушісі ролін алу ұсынылып отыр.

Хартия мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Хартия мәтіні бойынша ескертулер мен ұсыныстарды мына мекенжайға жолдауды сұраймыз - 112 @palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер