«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП және ЕЭК жосықсыз бәсеке деректерін айқындаумен айналысады

2015 жылғы 20 Мамыр
9959 просмотров

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ Ұлттықтың үстіндегі монополияға қарсы органы құрылды. Аталмыш орган ЕАЭО трансшекаралық бәсеке ережелерінің сақталуын бақылайтын болады.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Бәсеке және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша өткен жиналысында осылай деп хабарлады.

Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуына орай ЕАЭО елдері арасындағы интеграция айтарлықтай алға жылжығаны белгілі, және де, сәйкесінше, қазір нарықта 2-3 ел аумағында бизнес жүргізетін ресейлік, белорустық және қазақстандық біршама ірі компаниялар әрекет етеді. 

«Тең бәсекені қамтамасыз ету, компаниялар арасында қандай да бір байлам жасауға, бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ЕЭК тұлғасындағы Монополияға қарсы орган құрылған болатын», - деп түсіндірді Нұрлан Алдабергенов. Ол сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) бәсеке және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа Мүшесі (Министр) баса көрсеткендей, Қазақстан үшін темір жол, электр энергиясы, азық-түлік, өнеркәсіптік өндіріс өнімдері маңызды нарықтар болып табылады.

«Сондықтан да ішкі нарықты қамтамасыз ету қажет деп есептейміз. Егер біз серіктестеріміз үшін жол ашсақ, сәйкесінше, олардың да тарапынан теріс пайдалану, Қазақстандағы өз бәсекелестерін кемсіту деректері орын алмауға тиіс», - деді Нұрлан Алдабергенов. Оның айтуынша, ықтимал бұзушылық өндіру орнын жаңылыстыру болуы мүмкін,мәселен, «Белгоспищепром» (Беларусь Республикасы) өз өнімінің орамасында «KazProducts» атауын қолданады.

Еуразиялық экономикалық комиссия бәсеке және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) айтып өткендей, Монополияға қарсы орган тексеру жүргізуге және өзге де антимонополиялық жауап қату шараларын қолдануға, сонымен қатар бұзушыларға айыппұл салуға құқылы. Сондай-ақ Минскіде Шартты және ЕАЭО органдары шешімдерін жүзеге асыру мәселелері бойынша туындайтын дауларды қарауға уәкілетті ЕАЭО Соты жұмысын бастады.

Нұрлан Алдабергеновтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелері сақталуына бақылау жүргізу үшін қажетті нормативтік база қабылданды. Сонымен қатар 2015 жылғы 12 мамырда ЕЭК бәсекелестіктің бірыңғай ережесін сақтауды бақылау бойынша уәкілеттікті жүзеге асыру кезінде оны жариялау жауапкершілігі және құпия ақпаратты қорғау тәртібі туралы Келісім күшіне енді.

Еуразиялық экономикалық комиссия өкілі жекелеген нарықтарға көңіл аударды. Сонымен, оның айтуынша, ұялы байланыс нарығы біршама жиі талқыланады. 4 ел арасында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Қазақстан өкілдері де кірді.

«Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы өңірлерінде шамамен 20 миллион адам тұрып жатыр. Олар роумингтегі ұялы байланыс қызметінің қымбатшылығы түйткіліне жиі ұшырап жатады. Қазақстандық абонент үйінде ұялы телефонмен сөйлесудің 1 минуты үшін 7 теңге төлесе, ал Ресей шекарасынан өткен соң ол осы қызмет үшін 20 есе қымбат – 150 теңге төлеуге мәжбүр. Белорустық және ресейлік абоненттерде де дәл осындай жағдай орын алған. ЕЭК жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, үш елдің тұтынушылары роумингтегі тарифтің халықаралық қоңырау тарифтері деңгейіне дейін төмендеуінен 5,5 млрд теңге үнемдей алады, соның ішінде қазақстандық абоненттер - 2,2 млрд.теңгеге дейін. Сараптау бағалары роумингте тарифтің төмендеуінен трафик өсуі есебінен ұялы байланыс операторлары табысының шамамен 79 млрд теңге құрайтынын растап отыр, соның ішінде Қазақстан операторлары үшін – шамамен 24 млрд. теңге. 2007 жылдан бері роумингтегі тарифтерді 10 есе төмендеткен Еуроодақ тәжірибесі бойынша ЕАЭО-да роумингтегі байланыс қызметін халықаралық қоңыраулар деңгейіне дейін түсіруді бастау қажет», - деп түсіндірді Нұрлан Алдабергенов.

Авиа және темір жол тарифтерінің мәселелері аса маңызды болып табылады.

«ЕЭК авиа және темір жол тарифтерін, ЕАЭО ішінде роумингтегі мобильді байланыс тарифтерін тұрақты негізде талдаудан өткізеді. Егер Комиссия ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында авиатасымалдаушылар немесе мобильдік байланыс операторлары монополиялық жоғары бағаларды белгіледі деп тапса, онда ұлттықтың үстіндегі монополияға қарсы орган бәсеке ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеуді бастайды және бұзуды тоқтату, оның салдарын жою туралы орындалуы міндетті шешім қабылдап, айыппұл салады. Халықаралық тәжірибеде Еуропалық комиссия монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ұлтаралық компанияларға әрдайым миллиондаған айыппұл салып отырады», - деп түсіндірді ЕЭК бәсеке және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр).

Оның айтуынша, автомобиль секторының трансшекаралық нарықтарында ықтимал шектеулер бар, бұл соңғы сатып алушыға автомобильді және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қайта сату бағасын орнату, тауарлық нарықты аумақ бойынша, сатушылар мен сатып алушылар құрамы бойынша бөлу, ЕАЭО-ға қазақстандық автомобильдерді жеткізуді шектеу. Сондай-ақ дистрибьюторлардың басым жағдайын теріс пайдалану деректері де орын алуы мүмкін (түпнұсқа қосалқы бөлшектер жеткізуден және техникалық ақпараттан бас тарту).

Нұрлан Алдабергеновтың ойынша, шетелдік ірі құқық иелері тарапынан нарықтарды саралау және дистрибьюторлар (дилерлер) арасындағы бәсекені шектеу саясаты Қазақстан үшін іс жүзінде 2012 жылға дейін әрекет еткен тауар белгілеріне деген халықаралық құқықтарды тауысу қағидатына қайтып оралуды пайдалы етеді.

«Бұл параллель импортқа жол ашады, яғни біз қандай да бір тіркелген таңбалардың шетелдік өндірушісінің өнімін олардың дистрибьюторлық желілерін айналып өтіп әкеле аламыз және бағаны төмендетуімізге болады», - деп түсіндірді Нұрлан Алдабергенов.

Жиналыс қорытындысы бойынша Бәсеке және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«ҰКП және ЕЭК Жұмыс тобы құрылады. Аталмыш жұмыс тобы жосықсыз бәсеке, бәсекеге қарсы келісім, қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында басым жағдайды теріс пайдалану деректерін айқындаумен айналысады. Барлық материалдар ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес қарау, тексеру және шара қолдану үшін ЕЭК-те болады», - деп хабарлады Нұрлан Алдабергенов.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Бәсеке және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың презентациясымен және Меморандум мәтінімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер