«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жыл басынан бері кәсіпкерлерден «Өтініштер мен мәселелер тізіліміне» 1666 өтініш түскен

2014 жылғы 05 Наурыз
8452 просмотров

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  қолға алған «Өтініштер мен мәселелері тізілімі» онлайн-жобасына  2014 жылдың 2 айында 1666 өтініш келіп түскен, - деп хабарлайды palata.kz сайты.

«Өтініштер мен мәселелері тізілімі» - «palata.kz» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында кәсіпкерлік субьектілері үшін ең өзекті мәселелер түзілетін парақша.

Атап өткен жөн, онлайн-платформа түріндегі «Өтініштер мен мәселелер тізіліміне» кәсіп иелері қызметінде кездескен түйткілдер туралы мәліметті енгізе алады.

Мұнан соң, ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасында кәсіпкерлерге тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер өтініштері бойынша мониторинг және сараптама жұмыстары жүргізіліп, талқыланған мәселелер бойынша заңнамалық деңгейде шешім қабылданады.      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер