ЕАЭО: Жоғары деңгейдегі кездесулер қорытындысы
8-9 тамыз аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық экономикалық Кеңесі және Еуразия үкіметаралық кеңестің кезекті отырыстары өтті
Жиынтықта Еуразиялық экономикалық одақтағы ең өзекті тақырыптар бойынша 50 мәселе қаралды. Бұл ЕАЭО цифрлық күн тәртібі, Одақ территориясында міндетті таңбалауды енгізу, өнеркәсіп саясатын дамыту және басқа мәселелер.
ЕЭК Кеңесі отырысының күн тәртібіндегі 40 мәселе ішінен 4 мәселе цифрландыру тақырыбына арналды:
- ЕАЭО шеңберінде экономикалық қызмет субъектілерін трансшекаралық сәйкестендіру жүйесін құру бойынша бастаманы қарау;
- «ЕАЭО контрагенті» цифрлық сервисі» жобасы;
- «Өнеркәсіп кооперациясы, субконтрактация және технологиялар трансфері еуразиялық желісі»;
- Трансшекаралық ақпараттық өзара әрекеттесудің тұжырымдамасы.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерттің айтуынша, Одақтың цифрлық күн тәртібі жедел қарқында қалыптасуда, және кей кезде шешімдер бизнеске және ЕАЭО ішкі саудасына әсер ету деңгейін тиісті бағалаусыз қабылданады.
«Цифрлық жобалардың атауы сөйлеп тұр. Мәселен, ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық қызмет субъектілерін трансшекаралық сәйкестендіру жүйесін құру туралы бастаманың көздегені – Одақта трансшекаралық сауданы жүзеге асыру үшін отандық кәсіпкерлер қолданыстағы БСН кодына қосымша код аулулары керек», – деді Евгений Больгерт.
Аталған ұсыныс бизнеске түсетін қосымша ауыртпалық екенін ескерсек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша субъектілерді сәйкестендірудің жаңа жүйесін құрмай, Одақ елдерінде қолданылатын сәйкестендіру тетігін өзара тану мүмкіндігін ескере отырып, осы мәселені қарастыру ұсынылды.
Егер Трансшекаралық ақпараттық өзара әрекеттесу тұжырымдамасы жобасын қарастыратын болса, онда аталған құжат B2B форматындағы іскери өзара іс-қимыл тәртібін қамтитын нормалардан тұрады. Палатаның принципшіл позициясы Тұжырымдаманың В2В форматына қатысты ұсынылмалы сипатқа ие, бұл қорытынды құжатқа қол қою кезінде бекітілген.
ЕЭК Кеңесі күн тәртібінің тағы бір маңызды мәселесі ЕАЭО аумағында аяқ киім өнімдерін міндетті таңбалауды енгізу болды.
Отандық бизнес үшін Одақ аумағында міндетті таңбалауды енгізу мерзімдері екінші мәселе болып отыр, және ЕЭК кеңесінің қабылданған шешімінде пункт бар, оған сәйкес мүше-мемлекеттер өз аумақтарында тауарларды таңбалауды енгізу және тәртібін өз бетінше анықтай алады.
Естеріңізге салсақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 30 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан аумағында аяқ киім тауарларын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті таңбалауды пилоттық жобаларсыз, мақсаттылық талдауы және пилоттар нәтижесі бойынша реттеушілік әсерді талдаусыз өткізуге болмайтынын көтерген. Осылайша, бизнес өкілдеріне таңбалауды апбробациялауға, оның кәсіпкерлік қызметіне әсері деңгейі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бар.
Отандық бизнес үшін тағы бір өзекті мәселе – ұлттық компанияларды құруда әлемдік тәжірибені енгізу және ЕАЭО кеңістігінде «еуразиялық компанияларды» құру туралы ұсыныстар болып отыр. Осы мәселенің бастамашысы – Комиссия аталған кезеңде «еуразиялық компания» құқықтық –ұйымдастырушылық норманы ЕАЭО құқығына енгізу арқылы мүше мемлекеттердің корпоративтік заңнамасын үйлестіруді көздейтін шешімді талап етті.
Евгений Больгерттің пікірінше, «еуразиялық компания» институтын енгізу қажеттілігін зерттеу бизнес – осы процестің қатысушысы тізбегі бойынша жүру керек. Еуразиялық үкіметаралық кеңес қазақстандық тараптың ұсыныстарын ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдағанға дейін осы тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және оны Іскерлік кеңестің сайтында талқылау туралы бұйрыққа қол қойды.
Сонымен қатар ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО заңнамасына мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы ұлттық режимнен бірнеше рет алып тастауды белгілеу механизмін енгізу мәселесі қаралды. Бүгінде Одақтың әр мемлекет ЕАЭО туралы Келісімімен қарастырылған шарттарды орындау арқылы мемлекеттік сатып алуларда алып тастауларды енгізуге құқығы бар.
Беларусь тарапының бастамасы бойынша Комиссия алаңында былтырдан бері қайталама алып тастау механизмін енгізу талқылануда. Осы ретте қазақстандық тарап мүше мемлекеттерге өз өндірістеріне залал болған жағдайда, басқа одақ елінің босатуды белгілеу туралы шешіміне қарсы шығуға мүмкіндік беретін босатуды белгілеудің қазіргі тәртібін сақтау қажеттілігін бірнеше рет айтты.
«Алайда, ЕАЭО мемлекеттерінің өкілетті органдары қайталама алып тастауды белгілеу мүмкін еместігі туралы Комиссия Алқасының шешіміне сілтеме жасай отырып, мемлекеттік сатып алулар саласында алып тастау бойынша шешімдерді консенсуспен қабылдауды қарастырады. Басқаша айтқанда, қайталама алып тастау ма, жоқ па, оны мемлекет емес, ЕЭК Комиссиясы шешеді. Қазақстан бизнесінің пікрінше, мұндай шара ЕАЭО Келісімімен бекітілген алып тастауларды белгілеуге құқықты жоғалту тәуекеліне әкеледі (ЕАЭО шартына № 25 қосымша, сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың 31-тармағы). Тараптар арасындағы келіспеушіліктің сақталуын ескере отырып ол бойынша шешім қабылданған жоқ», – деп хабарлады Евгений Больгерт.
Отырыстар барысында азаматтық жолаушы ұшақтарын жекелеген түрлерін кіргізуге тарифтік жеңілдіктер белгілеу және алгкогольді нарықты реттеу бойынша мәселелер де талқылауға шығарылды. Қазақстандық тарап Air Astana бастамасы бойынша қазақстандық әуе компанияларға ұшақтарды уақытша кіргізу бойынша мерзімдерді ұлғайту мәселесін кезекті талқылауға шығарды. Кіргізу мерзімдері бойынша келісімдер жасалмағанын назарға ала отырып, талқылауды ЕЭК Кеңесінің келесі отырысына шығару бойынша шешім қабылдады.
Алкогольді нарықты реттеу мәселесіне қатысты Беларусь Республикасының позициясы ғана өзгеріссіз қалып отыр, соның салдарынан ЕАЭО-да алкогольді нарықты реттеу туралы Келісімге қол қою процесі созылып кетті. Ресми статистикаға сәйкес Беларусь Республикасы өз алкгологьді өнімін Одаққа мүше мемлекеттерінің нарықтарына белсенді жеткізіп, алкоголь сусындарын жеткізуші мемлекеттер арасында көшбасшы болып отыр. Осы ретте ЕАЭО мемлекеттері арасында Беларусь Республикасына алкогольді Ресей Федерациясы ғана тасымалдайды, Ресей алкоголінің импорты Беларусь Республикасы құрылымында 8-орын алып отыр. Аталған сандар Беларусь Республикасы алкоголь нарығының жабық екенін, ал ЕАЭО елдерінің ұқсас нарықтарының ашықтығын көрсетеді. Қазақстандық бизнеске Одақ мемлекеттерінің алкогольді нарығына ену мәселесі әлі де ашық және 2015 жылдан бері шешілмей келеді. Келісімге қол қою қолжетімділікке қолданыстағы кедергілерді алып тастауға және отандық алкогольді өнімнің экспортын өсіруге мүмкіндік берер еді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО-ға Қазақстанның қатысуына қатысты мәселелерді қарастыруға белсенді әрі тұрақты қатысады. Палата апта сайын Комиссия алқасының күн тәртібін қарастырады және уәкілетті мемлекеттік органдар үшін қазақстандық бизнес-қауымдастықтың позициясын қалыптастырады. Өткен екі отырыстың күн тәртіптері бөлімдерінің басым бөлігі түрлі саладағы кәсіпкерлердің қызметі жағдайына әсер етеді. Жоғары деңгейде қаралып жатқан тақырыптардың мәнін ескере отырып, Ұлттық палата кәсіпкерлердің назарын бизнестің позициясын бекіту үшін ҰКП құрылымдық бөлімшелерінен салалық бірлестіктерге қарауға түскен құжаттарды сапалы зерделеу қажеттілігіне аударады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: