Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қиындығы неде?
Қазақстандық өндірушілер халықаралық EXPO 2017 көрмесін өткізуге қатысуға дайын, алайда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшылығы тарапынан ынтымақтастық туралы қандай да болмасын ұсыныс келіп түспеді.
Бұл туралы «ASTANA Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық компания" ЖШС-нің бас директоры, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Сауле Шауенова айтты.
Оның сөзі бойынша, олардың компаниясы экологиялық таза шикізаттан жасалатын, ұлттық нақыш элементтері бар, сонымен қатар заманауи тенденцияларды ескере отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға дайын,
Кәсіпорын бұйымдардың, сонымен қатар қонақүй және мейрамхана кешендері, сауда және автокөлік саласы үшін өнімдердің үлгісін дайындап қойған. Компанияның дизайнерлері табиғи маталарға көрменің ұранын қолдана отырып, ЭКСПО-2017-ның тақырыбын көрсететін принттар салады. Бұл үшін кәсіпорынның мүмкіндіктері бар, себебі өнеркәсіпте жоғары сапалы, белгілі ZOJE компания маркасының кәсіби тігін құралы орнатылған. Бұл жаңа автоматтандырылған желі өндірісі өнім сапасын компьютермен бақылайды.
«Яғни беделді халықаралық көрменің қонақтарын әуежайдан күтіп алғаннан бастап барлық сала қызметтерінде барлық атақты өнімдерді ұсныуға біз дайынбыз. Бірақ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен ешқандай шарт жоқ»,-дейді Сауле Шауенова. Айта кетсек, кәсіпкер ЭКСПО-2017 басшыларына бірнеше рет хат арқылы және өтініш арқылы да шыққан болатын, оларға дайындалған өнімдердің үлгісін видео және фото арқылы көрсеткен, алайда ешқандай жауап жоқ.
Құрылыс саласында, жиһаз өнеркәсібінде жұмыс істейтін, қазір «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан тапсырыс күтіп отырған басқа да кәсіпкерлерде осындай жағдайда қалып отыр, бірақ әзірге сәтсіз.
«ҰКП бұл мәселені көтеруде және Палата отандық кәсіпкерлердің көрмеге қатысуымен айналысуда, біз бұдан бір нәтиже болады деп үміттенеміз»,- дейді Сауле Шауенова.- Отандық кәсіпкерлер тысқары қалмауы маңызды, себебі бұл салықтың түсуін, зейнетақы аударылымдарын, жаңа жұмыс орындарын құруға кепілдік береді. Бұл сонымен қоса жергілікті тауарөндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәскеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қонақтар алдында ұятқа қалмас үшін жағдай жасайды, себебі қонақтар бұйымдарды, тауарларды өздерімен әкете отырып, біздің елімізді естерінде сақтайды ғой.
Кәсіпкерлер уақытты созу мен жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерінен бас тару нәтижесінде ертең елімізге қытайлық тауарларды әкелуі мүмкін, ал ол Қазақстанның беделіне нұсқан келтіреді деген қорқыныштарын білдірді.
Анықтама: «Ютария LTD» Қазақстан нарығында 2002 жылдан бастап. Қазір компанияның тобына үш кәсіпорын кіреді- Жезқазған қаласында «ПИК «Ютария LTD» ЖШС, жеңіл өнеркәсіп саласында алғашқылардың бірі болып Индустриализация картасына еніп, нәтижесінде Жезқазғанда 350 жұмыс орны бар заманауи автоматтандырылған тігін фабрикасы салынды,Сатбаев қаласында-«Ютари.kz» ЖШС және Астана қаласында«Астана Ютария LTD» ЖШС. Бүгінде компанияда 600-ден астам жұмыскереңбек етеді. Кәсіпорында 200 бұйым шығарылады. Бұлар химиялық, мұнайгаз, металлургиялық, тамақ, фармацевтикалық және автокөлік саласы өнеркәсібінде жұмыс істейтіндер үшін арнайы киімдер, сонымен қатар күнделікті өмірде киетін және белсенді демалысқа арналған киімдер.
Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау саясатының арқасында комания табысты, дамыған кәсіпорынға айналды және шағын бизнес категориясынан орта бизнес категориясына көтерілді. Жеңіл өнеркәсіп жетекші әлемдік өндірістік кешен саласы құрамына кіруіне байланысты жаңа жоба «KaztexExpo» автоматтандырылған өндірістік кешен іске асырылуда. Өндірісте жаңа инновациялық технологиялар қолданылады.
Кәсіпорын дуальді білім беру аясында индустриалдық колледж студенттерін - ZOJE тігін құралдарын жинаушы және жөндеуші жаңа мамандықтарына оқытады.
Кәсіпорын әлеуметтік бағдарланған, жұмыскерлер үшін жатақхана, асхана бар, жұмыскерлерді жұмысқа және үйлеріне қызметтік автокөлік тасымалдайды.
«Ютария LTD» компаниясының басшысы әңгіме барысында сонымен қатар Қазақстанның ЕАЭО-қа кіру жағдайы және ДСҰ-ға енуімен бүгінгі күні шығарылатын отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мәселесінің маңыздылығына баса назар аударды.
«Түбегейлі қолдау шаралары керек. Жеңіл өнеркәсіп үшін квоталанған қаражаттар болу керек, сала назар аударуды және қолдауды қажет етеді,-дейді Сауле Шауенова. - Орта және шағын бизнесті қолдау, әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласында қолдау, көп жағдайда тігін өнеукәсіптері шағын кәсіпорын ретінде ашылады да, ескірген құралдармен жабдықталады және моралдік ескірген заттар шығарады, мұндай тәсіл де жұмыс істеуге және мемлекеттік қолдау алуға құқы бар, бірақ салада сапалы серпінді қаматамасыз етпейді».
Бизнесвумен атап кеткендей, «ПИК «Ютария ltd» ЖШС о бастан ірі заманауи концернді құруға өзіндік стратегиясын жасайды, тек осындай тұжырымдамалық тәсілдеме жоғары сапалы, заманауи бәсекеге қабілетті бұйымдар өндірісі саласында қарқынды серпінге мүмкіндік береді.
« Тек ой-өрістің кеңдігі , кәсіпкерлік батылдық, алға қарай ұмытылуға деген талпыныс қана ірі жобаны іске асыруға әкеледі. Мүмкін біреулерге әр жобаның ірілігі- өндірістік және әлеуметтік объектілер құрылысын салудан бастап, офистар мен өндірістік цехтар үшін құралдар таңдауға дейінгі жұмысы артық шығын шығару болып көрінетін шығар. Құрылыста үздік заманауи материалдарды, өндіріс үшін жаңа құралдарды таңдау, тек олардың ұзақ уақыт ескірмеуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, старт-апе де үнемдегеннен гөрі, ақыр соңында тиімді болып табылады, », - дейді Сауле Шауенова.
Оның пікірі бойынша, қазіргі ақпараттық технология дамыған кезеңде жоғары деңгейлі кәсіпорын құру- АСУП- ақпараттық және материалдық ағындарды автоматтандыру жүйесін енгізусіз мүмкін емес.
«Әрине, алғашқы бастаған кезде үлкен қаржылық инвестициялар қажет»,- деп қосады кәсіпкер.
Кәсіпорын мамандарды тарту және кадрларды таңдау, жоғары автоматты процестер және жоғары өндірістік принципі бойынша жаңа құралдарды сатып алу және т.б мәселелерді өздігеген шешіп жатыр. Ал құрылыс үшін жер алу, қаржыландыру және несиелендіру, өнімді шығаруға мемлекеттік тапсырыс, құрылғыларды, фурнитураларды, маталарды әкелуге мемлекеттік баж сияқты қиындықтарды мемлекеттік құрылымдардың қолдауынсыз шешу мүкін емес. Сонымен қатар салық салу жүйесінде, салаға мамандарды заманауи стандарттар бойынша даярлауда қиындықтар бар ,-дейді Сауле Шауенова.
Кәсіпкерлер тобының бастамасы бойынша ҚР-ның жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің одағы құрылған, оның құрамына фурнитура шығарушыларда кірді.
«Атамекен» ҰКП-ның саланы дамытуға, қандай да болмасын заңнамалық бастамаларды қабылдауға, мәселелерді шешуге белсене қатысатынын атап тоқымашылар палатада жеке, құрылымдық бөлімше құруды ұсынады. Бұл идея көптеген жағдайларға байланысты, оның ішінде, мемлекеттің көмегінсіз жеңіл өнеркәсібі белсенді дамып жатқан Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруімен туындады.
« Қырғызстанда бұл сала негізгі салалардың бірі болып табылады, тоқымашылар үшін жеңілдетілген салық салу, кедендік баж және т.б. түрінде көптеген преференциялар бар. Нәтижесінде көрші республика бүгін қазақстандықтарды киіндіріп отыр. Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті өнім шығара алатын жаңартылған, заманауи жоғары техникалық кәсіпорындарда аз емес, бірақ шынайы қолдаусыз, бұған қол жеткзу қиынырақ»,- деп атап кетті Сауле Шауенова
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Алибекова Л.Т.
Григорьева Л.П.
Жанар