«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі: Мүмкіндік болса қол ұшын соз

2018 жылғы 19 Ақпан
- Павлодар облысы
7039 просмотров

Отбасылық кәсіпкерлік жемісті

Маржан Әлкеева кәсіпкерлікпен 90-шы жылдары айналыса бастады. Осы кәсіппке апке-бауырларды әкелері баулыды. Бизнес вумен әңгіме барасында өзінің табыс тағылымы жайында айтып берді.

–          Маржан Егінбайқызы, сіз көпшілік сияқты сол кезеңде кәсіпкерлікке бет бұрдыңыз. Бұл шешім қаншалықты тәуекелге толы болды?

–          Иә, шынымен бұл шешім түбегейлі болды мен үшін. Мен мұғалім, содан кейін балабақшада  тәрбиеші болып жұмыс істейтінмін. Қайта құру кезеңінде ауылдағы балабақша жабылып, жұмыссыз қалдым. 1996 жыл мен мамандығымды өзгерттім де кәсіпкерлікке бет бұрдым.

Шынымды айсам, қазір әкемнің ақылы мен көрегендігіне ризамын. Бауырларым бизнеспен айналысып жатыр. Әкеміз өмірге бағыт берді, сол кездің өзінде ол кісі кәсіпкерліктің тиімділігін байқады. Әкем Успкенка ауылында алғашқы дүкенді ашты, осы дүкеннен кәсіпкерлігіміз басталды. Бүгінде аудан орталығындағы сауда үйін басқарамыз. 7 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Тауар ауқымы азық-түліктен басталып, құрылыс материалдарын қамтиды. Сонымен қатар мен мемлекеттік сатып алуларға қатысамын.

 Бұл жетістіктің бәріне жақындарымның қолдауымен жеттім.

–          Отбасыңыз жайында айтып кетсеңіз.

–          Анамыз биыл 70-ке келеді. Анамыз отбасымыздың шырақшысы, ұйытқысы, бізді әркез ақылымен, батасымен қанаттандырып отырады.

Біз отбасында 7 баламыз. 3 бауырым фермерлікпен айланысады. Марқұм әкеміздің атымен «Егінбай» атты шаруа қожалығын құрып, жүргізіп отыр. Бір әпкеміз Баянаул ауданында мұғалім. Мен және екі сіңлім Успенка ауданында сауда үйін аштық. Бір-бірімізді қолдау арқылы аяққа нық тұрдық.

–          Бір сөбен айтқанда бизнес отбасылық кәсіпке айналған ғой?

–          Дұрыс айтасыз. Ата-анамыз еңбекқорлыққа, ауызбірлікке, туған жерге құрмет көрсету  жастайымыздан баулыған. Біз осы ауданда туып, осы жерде қалдық. Енді балаларымыз да бізге көмектесіп жатыр. Жоғары білім алып, отбасы кәсібін өрбіту үшін елге қайтады.

–          Біз отбасыларыңыздың кәсіпкерлікпен қатар қайырымдылықпен айналысатынын білдік. Осы туралы айтып берсеңіз. 

 Менің ойымша мүмкіндік болса көмектесу керек. Игі іске келгенде сараңдықты қою керек. Осы ұстанымды бүкіл отбасым қаперде ұстайды. Біз қайырымдылық шаралар мен акцияларға, ауданымыздың қоғамдық өміріне үнемі қатысамыз, ауылдастарымызға көмектесеміз.

 Мен «Атамекенім» акциясын білемін, әрі толық  қолдаймын. Өзім көмек сұрап келгендерді барынша қолдауға тырысып жүремін.

 «Атамекенім» акциясы кәсіпкерлерді жақсылыққа жетелейді. Бұл жоба қайырымдылық мәдениетін дамытуға, туған өлке дамуына үлес қосуға бағытталған.

 «Атамекенімнің» келешегі мен мәні зор екені сөзсіз. .

–          Әңгімеңіз үшін рахмет! Кәсіпте табысты болыңыз!

 

 Сұхбаттасқан Дина Әбілдинова


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер