«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ДСҰ ережелері бойынша Қазақстан отандық өндірушілерді қолдаудан бас тартуға тиіс

2015 жылғы 17 Маусым
20684 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Қазақстанның таяу арада Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты өз пайымын ортаға салды.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қазақстандық кәсіпкерлерге және жалпы ел экономикасына қалай әсер етеді?

- ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздердің шамамен 20 жылға созылғанын білесіз. Бұл келіссөздер принципті түрде жабық режимде өтті, сондықтан да ұстанымдар көпшілікке жарияланған жоқ, ал бизнес-қоғамдастық, бизнес-қауымдастықтар, сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлі күнге дейін Қазақстанның қандай жағдайларда ДСҰ-ға кіргенін білмей отыр. Жалпы түсінік жоқ емес.

Кәсіпкерлер де, жұртшылық та Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінен кейін тарифтік қорғау деңгейі айтарлықтай төмендейтіні, және де арзан иморттық тауарлар аумағымызға құйылатыны, осылайша өнеркәсібімізді жоятындығына байланысты қауіптен ада емес.

«Олар бойынша «тауарлардың жиынтық тізбесі» және «орташа арифметикалық мөлшерлеме» ұғымдары бар. Қазақстан Кеден одағына кіргенге дейін 2010 жылы тарифтік қорғаныштың орташа деңгейі шамамен 6,2% құраған. КО-ға кіргеннен кейін бізде бірыңғай кедендік тариф қолданыла бастады да, кедендік қорғаныш деңгейі 10,6% дейін өсті.

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін, бұл биылғы жылы орын алады деп сенемін, тарифтік қоғаныш деңгейі 7,9% көрсеткішіне дейін төмендейді. Алайда, қандай жағдай болмасын, ол Кеден одағына кіргенге дейінгі мөлшерінен жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды, жалпы, тарифтік қорғаныштың айтарлықтай төмендеуі орын алмайды, және де бұл көрсеткіш КО-ға түскенге дейінгіден жоғары болатыны анық.

Сонымен бірге тауарлық қорғаныш деңгейі сыни шамаға түсіп кетуі мүмкін жекелеген тауарлық жайғасымдар да жоқ емес, және де бұл Қазақстанның жеке өндірісті ұйымдастыруға елеулі инвестициялар салған салалары болуы мүмкін, мәселен, автомобильдер. Олар бойынша ресми ақпарат жоққа тән, тек шамалауға ғана болады.

Шілде айының басында Қазақстанның ДСҰ-ға қандай жағдайларда кіргенін бизнес-қоғамдастыққа жеткізу үшін, Айтжанова ханыммен (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) ашық отырыс өткізуге келістік.

Тағы бір айрықша тұс бар. ДСҰ талаптары бойынша Қазақстанның 3 мың тауар жайғасымы бойынша бірыңғай кедендік тарифтегіден төмен тарифке ие екені қазір де белгілі. Яғни олар Еуразиялық экономикалық одақ тарифтерінің деңгейінен ерекшеленетін болады. Сәйкесінше, бұл тауарлардың реэкспорты тәуекелдерін тудырады. Қандай да бір өнімді Қазақстанға Ресей, Белорусь, Қырғызстан немесе Арменияда іске асырылатын импортқа қарағанда біршама арзан мөлшерлемемен әкеліп, осыдан соң реэкспорт жасауға болады. Сондықтан да қазір осындай оқиғаларға жол бермеу үшін, барлық елдерде әкімшілік етуді жөнге салып, тауарлардың жылжуына бақылауды дұрыстау қажеттілігі туындайды. Біздің ресейлік әріптестеріміз үшін көптеген жайғасымдар аса сезімтал болып келеді. Мәселен, металл құбырларды алып қарайық. Ресей импорттайды, БТТ бізде 10%, шартты түрде, ал Қазақстан 5% болады деп келісті. Міне осы 2 есе айырмашылық – бұл ресейлік құбыр өндірушілер үшін жеткілікті түрде сезімтал, сондықтан да, әрине, олар Қазақстан арқылы арзан құбырды қосымша 5% төлеусіз импорттауға тыйым салатын болады. Бұған қалай әкімшілік ететтініміз әзірше үлкен мәселе. Қазірде 2 нұсқа пысықталып жатыр: не КО елдеріне жекелеген жайғасымдарды импорттауды лицензиялау, не тауарларды таңбалау. Қазір бұл жүйенің қалайша жұмыс жасайтынын түсіну үшін, теріден жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бірақ мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Сонымен қатар, жақын болашақта кедендік бақылауды алып тастайтынымызға байланысты біз үшін бұл да өзекті: Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында санитарлық, эпидемиологиялық, ветеринарлық бақылаулар болмайды, ал Қытай мен Қырғызстаннан арзан сұрқай импортты әкелу оқиғаларының көптеп орын алуына орай, осы арзан өнімнің аумағымызға кіруінен әрі онсыз да қиыншылықты бастан кешіп жатқан өндірушілеріміздің қатаң сынаққа ұшырайтынынан қорқамыз.

- Қазақстан әлемдік нарыққа қандай өніммен шығады?

- Қазірде біздің негізгі экспорттық жайғасымдарымыз белгілі - бұл, бірінші кезекте, мұнай, мұнай өнімдері, түсті, қара металдар, түрлі металл конструкциялар. Егер қазір КО аясындағы статистикаға көз жүгіртер болсақ, онда қайта өңделген өнімнің салмақты өсімі байқалады.

- ЕАЭО жағдайында тауарымыздың бәсекелестікке үнемі шыдас бере бермейтінін ескерер болсақ, отандық бизнес әлемдік нарыққа шығуға дайын ба?

Мұны істеудің өте қиын болары анық. Шынымды айтсам, КО және ЕЭК жалғасы ретінде ЕАЭО , әрине, өңірлік дағдарыс салдарынан, әлемдік дағдарыс, рубль девальвациясы, экспорттық өнім бағасының төмендеуі салдарынан салмақты сынаққа қалды. Қазақстандық өндірушілер, әсіресе тамақ өнімдері, өнеркәсіп саласы, экспорт келешегін қарастыруды айтпағанда, өз аумағында Ресей мен Белорустан келген арзан импорт ағымымен бәсекелесе алмай қалды.

Екінші сынақ, айтып өткендей, Қырғызстанмен шекарадан кедендік бақылауды алып тастау болады, сәйкесінше, оңтүстіктен Қытайда өндірілетін арзан өнім кіретінін күте аламыз және кедендік баждарды төлеусіз ЕАЭО аумағына түсетін болады.

Үшінші сынақ өз заңнамамызды оған кірмей тұрып, яғни осы жылдың соңына дейін ұйым талаптарына сәйкестендіріп алуымыз керектігіне байланысты. Үстіміздегі жылдың шамамен 15-17 желтоқсанында Наэробида X Министрлік конференция өтеді де, онда Қазақстан ДСҰ-ның 162 мүшесі болуға тиіс. Қазір Ұлттық палатаға «Заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті. Ол мемлекеттік сыңайлы сектор, мемлекеттік сатып алулар және жер қойнауын пайдалануға келісімшартпен қолдауға бөлінетін қазақстандық өндірушілерді қолдау сияқты маңызды шараны толығымен болдырмауды көздейді. Әрине, бұл бізді қуантып отырған жоқ, себебі ағымдағы дағдарыс үкімет арсеналындағы жалғыз ғана тиімді шара – бұл басым түрде қазақстандық өндірушілер арасында ұлттық компаниялар, жер қойнауларын пайдаланушылардың мемлекеттік тапсырысын орналастыру екенін көрсетіп те үлгерді. Жергілікті өндірушілерді мұндай түрде қолдауға тыйым салынады.

Бұл құралдан толығымен бас тартуға болмайды деп ойлаймыз. Заңнамамызды ДСҰ талаптарына бейімдеу қажет, ал ДСҰ жергілікті өндірушілер жеке қажеттіліктері үшін үкіметтен де,  мемлекеттік сыңайлы компаниялардан да сатып алса, оларға артықшылық беруге тыйым салмайды. (...) Бұл жерде салмақпен қарағанымыз дұрыс. ДСҰ-ға мүше басқа да мемлекеттер, бірінші кезекте, ЕАЭО-ға да, ДСҰ-ға да мүшелігіне қарамастан, жергілікті өндірушіні тиімді түрде қорғап, оған, сатып алу кезінде де, тиісті қолдау көрсететін РФ тәжірибесін мұқият зерттеу керек.

- Егер шағын бизнес үшін ең жағымсыз жәйттер орын алғанын елестетсек, кәсіпорындар жабылып, адамдардың жұмыстан кетуі орын алуы мүмкін бе?

Бұл сценарий көптеген салаларда жүзеге асып та жатыр. Ауылшаруашылық министрлігінің ресми деректері бойынша, тамақ өнеркәсібі кәсіпорнының орташа жүктелуі 40-50%-дан аспайды. Яғни мемлекет, сонымен бірге «Қазагро», банк жүйесі арқылы ақша инвестициялады, және де осы жобалық әлеуетті іске асыра алмай отырмыз, себебі көпшілігінде сату айтарлықтай түсіп кетті, өйткені нарыққа өте арзан өнім келіп жатыр.

- Қырғызстан посткеңестік мемлекеттер арасынан алғаш боп ДСҰ-ға кірді. Кейбір БАҚ өнеркәсіп 40 пайызға түсіп, ауыл шаруашылық жерлері қысқарғанын жазады. Оған не себеп болды? Бұл Қазақстанның да басына келмей ме?

- Жағымсыз болжамшы болғым келмейді, бірақ Қырғызстан тәжірибесі ДСҰ-ға кіру жеке өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын айтарлықтай мөлшерде дамытуға көмектеспегенін көрсетті.

- Қазақстанның ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздері неліктен осынша созылып кетті?

- Білуімше, соңғы сәттерде Моңғолия және Украинамен арада салмақты келіспеушіліктер болған. ЕО және АҚШ-пен басты мәселелер (келіссөздер бойынша ДСҰ негізгі бенефициарлары) үстіміздегі жылдың басында шешілді. ДСҰ бойынша келіссөздер кезінде Қазақстанның КО мүшесіне айналып, бірыңғай кедендік тарифке көшуіне байланысты салмақты түрде қиындады деп пайымдаймын. Бұл жерде Ресей Федерациясымен келіссөздер қосарласа жүргізіліп жатты да, бір кездері Ресей мен Қазақстан ДСҰ-ға бірыңғай жағдайда кіретін болады, яғни келіссөздерді бірге жүргізеді деген келісімге қол жеткізілгендей болды, бірақ бір себептермен олай болмай шықты. Ақырында аталмыш 3171 тауар жайғасымындағы айырмашылық (мөлшерлемелер айырмашылығы) – бұл ЕАЭО-ға мүше болмаған жағдайда сияқты бола жүріп Қазақстанның ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерді жалғастыра беруінің нәтижесі болып табылады.

- ДСҰ-ға кіруден қандай жағымды тұсты күтесіз?

- ДСҰ-ға кірудің мұндай гипотетикалық жағымды жақтарының бірі экспортшыларымыздың сауда дауларын шешудің халықаралық тұрғыдан мойындалған құралдарын қолдануға рұқсат алуында және ДСҰ сотына жүгіне алуында болып отыр.

- ЕАЭО мен ДСҰ бір-біріне қайшы келмей ме?

- Ресей ДСҰ мүшесі болып табылатындықтан, онда ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасы ДСҰ талаптарына барынша бейімделген, және де Қазақстан ДСҰ жағдайында тіршілік етіп жатыр деп айта беруімізге де болады. Тұтынушы үшін объективті шынайы жағдайда салмақты өзгерістер орын алмайтынын нақты айта аламын. Егер үкімет жергілікті мазмұнды қолдау құралын толығымен алып тастауды алға тарта беретін болса, қазақстандық өндірушілер үшін, әрине, бұл салмақты сынаққа айналады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер