Гүлнар Өтепова: Бизнесмен болып туу керек!
«АЙЯ» Медициналық орталықтар менеджментін жүзеге асырушы «ӨТЕПОВА и К» ЖШС бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, республикалық Жеке меншік медициналық құрылымдар қауымдастығының Төрағасы Гүлнар Өтепова сонау 90 жылдары әзірлеп шыққан бизнес-жобасының жетістігі жайлы сөз етті. Бизнесмен ханым тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа деген жоспарларын ортаға салды. Тіпті балаларын тәрбиелеудегі бизнес технологияларды қолдану жолдарын да жайып салды.
- Жеке бизнес бастауды қашан ойлай бастадыңыз?
- Жеке меншік медицина нарығына келгеніме 20 жыл болды. 1993 жылы Ташкент мемлекеттік медицина институтының дипломымен үйге – Көкшетауға қайтып оралдым да, жұмысқа тұрдым. Мемлекеттік көз ауруханасында біраз жұмыс жасап, жарты жылдан соң өзіңе жұмыс істеп, ақша табу керек деп шештім. Анама келіп, ауруханадан кететінімді айтқанда, оның зәресі ұшып кетті. Себебі шетелдік дипломмен, жұмыс орнына бөлінбестен келу және мемлекеттік ауруханаға орналасудың өзі жетістік болатын. Одақ құлаған соң, Өзбекстан шетелдік мемлекет болып кетті ғой. Қолымда бес жасар ұлым да бар еді. Екі жылдан соң оның да мектепке баруы керек, ал күйеуім екеуміз шағын ғана жатақханада тұрып жаттық. Сол кезде бір ғана арманым болды – баламның мектепке жатақханадан баруына жол бермеу. Бұл менің ерекше ойым болатын!
- Сонда не деп шештіңіз…
- Сонда Көкшетау көз ауруханасының жанынан офтальмолог кабинетін екі сағатқа жалға алдым. Бір-екі жылдан соң жекешелендіру басталды да, мен сол бөлмені жекешелендіріп алдым. Бірінші клиникам «Денсаулық-2030» деп аталды. Оның біршама ұзақ жұмыс жасағанын білесіздер. Оны былтыр ғана сатып жібердім. Ал осы жылдар бойында ай сайын салық төлеп, жұмыскерлерге еңбекақы беру үшін, Көкшетауға барып тұрдым. Сонымен бірге тағы бір бизнес-жобамен айналысып, контактілі линзалар салонын жасақтай бастадым. Мұндай салондарды бірнеше қалада аштым: Петропавловлда, Щучинскіде, Көкшетауда. Міне, осындай тәжірибемен елордалық нарықты жаулауға келдім. Астанадан бір бөлмелі пәтер сатып алып, оны контактілі линзалар салоны ретінде өзгерттім. Осыдан кейін дәл осындай салон Алматыда пайда болды. Алғаш рет «Johnson & Johnson» компаниясының линзаларын Қазақстанға әкелген мен едім. Әлі күнге дейін құрметті қонақ ретінде барлық конгрестерге шақырады. Осы уақыт бойында ойымда нақты үлгі болды. Кәсіпкерлік – бұл үнемі бастағы дүние. Солай боп туады, бұл дағды тәжірибемен келмейді. Жасымда түрлі бизнес идеяларды іске асырдым. Сонымен қатар, санитар болып та жұмыс жасадым. Бұл қалыпты жәйт. Ал қазір ұлыма медициналық институтқа оқуға барып, санитар болып жұмыс жасайсың десем, оның ойына кірмейді. Қазір екі ұлым бар. Оларды еркін болуға үйретемін. Ал ең үлкен еркіндік сені бастығыңның «ұстап алып», жұмыстан қашып кетуге тәуелді болмауыңда болып отыр. Қасқырды асырайтын аяғы! Егер қимылдамасаң, азық та, табыс та таппайсың. Егер жеңіске жетпесең, күні бойы тер төкпесең, өмірде ештеңге де қол жеткізе алмайсың. Балаларға да осыны айтамын. Бастысы, жалқауланбау, көп жұмыс істеу. Ол кездері Щучинскіден бірінші қабаттан пәтер сатып алу проблема болмайтын. Ал одан шығар есік жасап, барлық рұқсат құжаттарын алу қазірдің өзінде де қиын. Ал ол кездері тіпті қиын еді.
- Бизнес-жобаларыңызбен айтарлықтай қиын жылдары іс бастапсыз. 90 жылдары сізге сенбеген жандар болды ма? Ол кездері пациенттер жеке меншік клиникаларға сенді ме?
- Адамдар маған сенбейді деп ешқашан да күмәнданбаппын. Өз клиникама ең үздік дәрігерлерді шақырып тұрдым. Көпшілігі әлі күнге дейін жұмыс жасайды. Тобымда ең мықты балалар хирургтері, балалар инфекционистері, педиатрлар бар. Жеке жедел жәрдем қызметім де бар! Барлық дәрігерлерім – өз кәсібінің майталмандары. Бизнестегі кадрлар – бұл ең бастысы. Оның үстіне, тәуекелшілдік кәсіпкерлікте де болуға тиіс. Тәуекел және батылдықсыз ештеңе де жасай алмайсың. 90 жылдар шынымен де қиын болды. Кейде артыма қараймын да, мемлекеттік клиникадан екі сағатқа бөлмені жалға алудың айтарлықтай батыл қадам болғанын түсінемін. Ойлап қараңыз, бас дәрігердің кабинетінің жанында оны күтіп отырамын, кабинетті жалға сұраймын. Маған айтқаны да есімде: «Кімсің өзі? Алдымен жұмыс жасауды үйреніп ал, сосын жалға алуды сұрайтын боласың!». Пациенттер емес, маған кеңестік дәрігерлер буыны сенбеген еді. Олар менің нестеп жүргенімді түсіне алмады! Кейін дәл осы дәрігерлер менімен көп жылдар бойы жұмыс жасады. Артымнан тас лақтырғандар. Мен дәрігерлерге үнемі жақсы пайыздар мен төлемдер белгілеймін, әрине, олар да келіп жұмыс жасайды. Себебі жеке меншік медицина мемлекеттіктен осымен ерекшеленеді. Мүмкін, мемлекеттік медицинаның технологияларына үлгермей жатқан болармыз, себебі оған мемлекет үлкен сомалар бөледі. Бірақ мемлекеттік құрылымдардағы дәрігерлеріміздің еңбекаққыларына қарның ашады. Сондықтан да кадрлар тұрақтамайды. Көпшілігі мемлекеттік құрылымда бастап, тәжірибе жинап алады да, жеке меншік клиникаларға кетіп қалады.
- Алайда жақсы дәрігерді жоғары еңбекақымен ғана ұстай алмайсыз ғой. Сіз басқарудың қандай үлгісін жасап шықтыңыз?
- Менің саясатым мынада. Жыл сайын өз дәрігерлерімді шетелде мамандануға жіберіп отырамын. Бәрі де клиника есебінен. Әрине, олармен шартқа қол қоямыз, олар үш жыл еңбекпен өтеуге міндеттенеді, немесе кетіп жатса, пайыздық қатынаста қайтаратын болады. Мамандануға Мәскеуге және Санкт-Петербургке барады. Ол жақтан салмақты біліммен, керемет тәжірибемен қаруланып, қайтып келеді, осының бәрін клиникада қолданады. Осындай үлгі өзін толығымен ақтайды. Онда жаңа технологиялар, инновациялар баршылық. Сапар шегіп, оқи алатынымыз қандай жақсы. Пациенттердің де шетелде консультация мен емдеу алуға мүмкіндігі бар. Клиенттерімізді Германияға және Түркияға жібереміз. Ал шетелдік клиниканың пациенттерді жібергеніміз үшін төлеген пайыздарын алмаймын. Ол ақша дәрігерлерімді сол елдерде оқытуға жұмсалады.
- Өз біліміңізді бизнеспен қалай ұштастырдыңыз?
- Мен өз базасында – контактілі линзалар салоны базасында қорғаған алғашқы ғылым кандидатымын. Ол кезде жеке меншік құрылым жұмысшылары үшін бұл сирек кездесетін дүние еді. Мен өз пациенттерімді үш жыл бойы зерттеп, өз жұмыс тәжірибеммен бөлістім. Жаңа нарықтық жағдайларда контактілі линзалар салонын құру төңірегіндегі жұмысымда медицинаны, офтальмологияны, өмір сапасы мен бизнесті біріктірдім. Еңбегімді 4 жыл бойы жаздым.
- Бүгінде Астанада медициналық клиникалар желісінің иесісіз. Елордада бизнесті қалай құрып жүрсіз?
- Мен ешқашан да бір жерде тұрақтап қалмаймын. Бүгінде менің тұжырымдамам – бұл үй жанындағы клиникалар. Көкшетау, Алматы, Петропавл, Щучинскіде медициналық орталықтарды сатып жібердім. Сосын Астанадан жайлар сатып ала бастадым. Бұл жақта өте қымбат тұрады. Осы бөлмелердің барлығы санитарлық нормаларға сәйкес жөнделуде, дәрігерлер, пациенттер үшін, консультациялар үшін, жаңа жабдықтарға шақталған бөлмелер жасап жатырмыз. Өз клиникаларымызда ота жасауды жоспарлап жүрміз. Астанада «АЙЯ» атты үш медициналық орталығым мен контактілі линзалар сататын салоным бар. Үш айда бір рет ақпараттық журнал шығып тұрады. Онда дәрігерлеріміздің мақалалары жарияланады. Журналды негізінде медициналық орталықтарымызда, Тальго пойызында, ұшақ бортында, ірі дүкендерде тегін таратамыз. Жақында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ғимаратына да қойылатын болады.
- Ережеге сай, табысты бизнесмендердің айтары бар. Көптеген кәсіпкерлер қоғамдық қызметпен белсенді түрде айналысады. Осындай жобаларыңыз бар ма?
- Мен қалалық деңгейдегі Жеке меншік медициналық құрылымдар қауымдастығын басқарамын. Кейін ол республикалық атанды. Біздің Қауымдастық шағын медициналық орталықтарды, үй жанындағы клиникаларды біріктіреді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әріптестік құрып жүрген уақыт бойында санитарлық нормалар бойынша көптеген жұмыстарды тындырдым. Біз оларды жеңілдеттік. Қазір жеке меншік медициналық құрылымдар үшін арнайы санитарлық нормалар дайындауды бастамалап жүрмін. Еліміздегі санитарлық нормалар мемлекеттік және жеке меншік клиникалар үшін бірдей. Олай болмауға тиіс!
- Ал сіз қандай елеулі айырмашылықтарды жазбақшысыз? Жеке меншік медициналық мекемелер үшін қандай санитарлық нормалар қажет?
- Мемлекеттік ауруханада болып көрдіңіз бе? Олардың дәліздерін? Онда роликпен жүруге болады. Өте үлкен! Электр жарығы, жылу, су мемлекет есебінен төленеді. Ал біз жекедегілер дәліздеріміз, салықтар, ПИК, су, жылу, электр жарығы – осының бәрі үшін өз қалтамыздан төлейміз. Бөлмелердің шаршы метрлері – бұл бөлек тақырып. Шенеуніктерден үнемі сұрайтыным – неліктен онда соншама үлкен бөлмелер беріледі, онда би биленбеді, адамдар емделеді ғой. Бұл шаршы метрлерді министрліктердегі мамандар ойлап тапқан. Олар өмірдің шындығын білмейді. Мұндай нормаларды жазбастан бұрын, жеке меншік клиникаға келіп, мұның бизнес үшін қанша тұратынын білу керек. Және де кәсіпкер мұны алып жүре алады ма. Әзірше бұл мәселе жөнінен еш өзгеріс жоқ. Менің ойымша, министрліктер бұл мәселемен тек қана ҰКП мүшесі болғандықтан ғана қабылдайды. Мен оларға жеке меншік тұлға ретінде, клиникамның басшысы ретінде келсем, олар маған құлақ та аспас еді. Бұл мәселенің жеке меншік клиникалар үшін оңынан шешілеріне сенемін. Біздің салада жүрген кәсіпкердің жұмысын баяғыда жеңілдету керек еді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: