Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Рус

Президент көмекшісі жамбылдық кәсіпкерлердің мәселесін тыңдады

29 Июня 2021
- Жамбылская область
2945 просмотров

Бүгін кәсіпкерлер палатасы алаңында Жамбыл облысына арнайы келген Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозумбаев пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік кеңес мүшелерімен кездесті.

Басқосуда кәсіпкерлер жүйелі сұрақтарын көтеріп, жергілікті билік пен Мемлекет басшысының назарына алуды ұсынды. Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев 2020 жылы пандемия кезеңінде және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Өңірлік палатаның атқарған жұмысын баяндады.

Жалпы Жамбыл облысында барлығы 70 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі, 715 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласында 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді және олар 700 миллиард теңгенің өнімін өндіріп отыр.

«Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін кәсіпкерлерден 18 мыңдай өтініш келіп түсті. Оның  34 пайызы блок бекеттерге, 16 пайызы несині кейінге шегеруге, 15 пайызы ай сайынғы жалдау ақысын төмендетуге қатысты болды. Өңірлік палатаның атқарған сүйемелдеу жұмыстарының арқасында 12 881 кәсіпкерлік субъектілері жалақыға салынатын салықтарды төлеуден босатылды. 1 674 кәсіпкерлік нысанның салықтар бойынша мерзімі ұзартылды. 318 695 тұрғынға әлеуметтік төлемдер төленді.16 880 кәсіпкерге орта есеппен 2-3 ай мерзімге несиелері бойынша жеңілдіктер берілді. Сонымен қатар төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап автокөлік құралдарының қозғалысы шектелуіне байланысты, өңірлік палата тарапынан тез арада рұқсатнамаларды  электронды түрде қарастыру үшін «Кәсіп жәрдем» атты онлайн-платформа әзірленді.  Нәтижесінде палатада 15 630 өтінім қаралып, «Сергек» базасына 36 740 автокөлік құралы енгізілді» - деді Палата басшысы.

Өткен жылдың екінші жартысында Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы нысандарда санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жаңғырту үшін «INFO KAZAKHSTAN» платформасын әзірледі. Оған Жамбыл облысы бойынша 13 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның ішінде 11 754 өтінім мақұлданды. Сондай-ақ облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша жобаның пилотын өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Пилоттың жалғасында осы жылдың 26 сәуірінен бастап аталған жоба еліміздің өңірлері бойынша іске қосылды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлік қызметтің 436 субъектісі QR арқылы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, сервистік қызмет көрсету, өңірлік кеңестің қызметі төңірегінде атап өтті.

Мемлекет басшысының көмекшісі Қанат Алдабергенұлы Президент тапсырған тапсырмалардың орындалуын зерделеу, кәсіпкерлермен талқылау  мақсатында келгенін айтып, бизнестің сұрақтарын тыңдады.

Өңірлік Кеңес мүшесі Ерболат Саурықов Тараз қаласының маңындағы қоқыс тастайтын орынның шағын болуына байланысты Мемлекет басшысының көмекшісінен тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салуға ықпал етуін сұрады. Сондай-ақ Ерболат Байұзақұлы елімізде тұқым шаруашылығы тұралап тұрғанын, осы салаға көңіл бөлетін уақыт келгенін өзекті етіп көтерді.

Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова  «Қаралма» тау-шаңғы кешенінің құрылысын аяқтауға жәрдемдесу, бизнесмендердің коммуналдық төлемдерін жеңілдету сынды өтініш-тілегін айтты. Мемлекет басшысының көмекшісі Қанат Алдабергенұлы барлық мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданатындығын жеткізді.

«Арайстроймаркет» ЖШС басшысы Арман Еділбаев жекешелендірілген объектілерді мерзімінен бұрын сатып алу мәселесін (индекстеу) көтерді. Қанат Алдабергенұлы индекстеу бойынша сұрақ мерзімінен бұрын сатып алуға ынталандырады. Бұл мәселе бойынша ҚР нормативтік-құқықтық акті шеңберінде шешу мүмкіндігіне қаралатын болады деп жауап берді.

Өңірлік Кеңестің келесі мүшесі, «Sab group» ЖШС директоры Самат Ақылбеков жанар-жағар май, жем және қант бағасының өсуі мәселесіне көңіл бөлуді ұсынды. Облыс әкімі өңірдегі азық қоры ауыл тұрғындарының қажеттілігін өтейді. Қант бойынша қант қызылшасын егу жыл сайын артып келеді, кішігірім мәселе судың жетіспеушілігінен туындап отыр. Жоғарыда көрсетілген мәселелер облыс деңгейінде шешіледі деп жауап қатты.

Өңірлік Кеңестің мүшесі, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры Фарима Джунусова екінші деңгейлі банктердің ауылдық елді-мекендердің жылжымайтын мүліктерін қабылдамауы немесе кредиттік саясатына сәйкес төмен баға беруі туралы мәселесін атап өтті.

Қанат Бозымбаевтың бұл сұрақтың  жүйелі болып табылатынын және еліміздің барлық аймағында мұндай проблема бар екенін айтты. Қорытындылай келе, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы кәсіпкерлер көтеріп отырған мәселелердің орынды екенін, алайда басым көпшілігін облыс шеңберінде шешуге болатындығын тілге тиек етіп, бұл бағытта өңірде де  шаралар қабылданатынын айтты.


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры