«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Маргарита Токарева және «MART» дизайнерлік әшекейлері

2019 жылғы 15 Сәуір
1876 просмотров

Ермек фанатизммен басталды. Қос құрбы органикалық әйнектен әшекейлер әзірлеуді шешті

Неге дәл осы бағыт?

«Өйткені біздің қаламызда бұндай әшекейлер жоқ болатын. Құрбымда жарнама агенттігі, а ол жерде білдектер тұратын. Ол әшекейлерді ойса, дизайнын мен ойлап табатынмын. Осылайша алғашқы коллекциямызды жасап, интернетке қойдық.  Жақсы сұраныс болды. Әрі қарай екінші топтама жасауға бел будық. Фотограф жалдап, бұйымдарды тұтынушыларға әдемілеп тарту жағын ойластырдық.  Сосын ақырындап шағын дүкендерді аралап, өз әшекейлерімізді ұсына бастадық. Әшекейлердің бұл түріне көздері үйреніскеннен кейін, адамдар көбірек сатып ала бастады», – дейді дизайнер.

Кәсіпке не қажет?

Кәсіпті алға жылжыту үшін ең алдымен, жарнама қажет. Дизайнер тұратын қала шағын ғана, өнімдерді ұсынуға болатын жәрмеңкелер, көрмелер көбірек өтуі жақсы дейді шебер.

«ALTYN OIMAQ» байқауы болмаса, барлық тауарымызды сатып біткеннен кейін жабылып қалар едік. Өйткені бұл көп уақыт алады. Осы байқау туралы естігеннен кейін, тоқтамаймыз деп шештік. Қазір ұлттық нақыштағы коллекциямызды бастаймыз. Сондай-ақ жастарға арналған коллекция жасап, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының нарығына шықсақ деп жоспарлап отырмыз. Енді осы жоспарымыз байқаудың арқасында орындалады деген үміттеміз», – деді Маргарита Токарева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер