«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ALTYN OIMAQ қатысушылары: Райса Райымбекованың сән театры

2019 жылғы 12 Сәуір
3399 просмотров

Өзінің тарихын «Райсаның сән театры» 1993 жылы бастады

 Бастапқыда ателье пәтер ішінде ашылған. Кейін заманауи ұлттық киім тігетін авторлық ателье құрылды.  Жылдар бойы республика бойынша ірі мемлекеттік тапсырыстар орындалды. Қазақ халық аспаптарының президенттік оркестріне арнап костюмдер, сондай-ақ 20 жылдан астам уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік филармониясына костюмдер тігіліп келеді.

«2012 жылы мен тәжірибе алмасу бойынша халықаралық  «VOLVIS» бағдарламасының түлегі атандым. Осы жобаның қорытындысында USAID  Сән театры желісі бойынша грант ұтып алып, 2013 жылы Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында Халықаралық орталық азиялық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін өткіздік. 2016 жылы біз USAID грантын «Орталық Азиядағы кәсіпкер әйелдердің қаржылық мүмкіндіктері мен аймақтық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбында қайта ұтып алдық. Бұл жобаны Павлодар мен Алматы қалаларында ойдағыдай өткіздік», - дейді шебер.

Бағдарламамен тиімді серіктестігі үшін Райсаның сән театры VI Орталық Азия сауда форумында жоғары бағаланып, «Үздік көрме стенді» номинациясында жеңімпаз атанды. 2016 жылы театр  республикалық дизайнерлер байқауында неофольклор стилінде жүлде иеленген.

«Кездесетін қиыншылықтар туралы айтатын болсақ, Қазақстанда жақсы шикізат пен фурнитура тапшы. Сондай-ақ білікті мамандар жетіспейді. Дуальдық жүйе іс жүзінде жұмыс істемейді.  Студенттер көп қажетсіз пәндерді оқиды. Нәтижесінде, бізде іс практикасынан жастар көптеп өтсе де, олардың ешбірін жұмысқа ала алмаймыз, өйткені білім мекемелеріндегі дайындық сапасы нашар. Сонымен бірге өткізу нарығы туралы айта кетсем, дүкендерді жалға алу құны өте қымбат. Өнімдеріміздің 90% қол жұмысы. Дамыған елдерде мұндай кәсіпорындарға мемлекет тарапынан дотациялар қарастырылған, өйткені бұл ауыр еңбек», - деді театр иесі.

«Біздің кәсіпорынға мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмеді. «ALTYN OIMAQ» байқауында мен жас дизайнерлерді көргім келеді. Өйткені қанша жерден тәжірибелі болсаң да,  заманға сай болу қажет. Жаңашылдықтан кері қалмау керек. Ал ең бастысы, инвестор табу  қажет», - деді Райса Райымбекова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер