ALTYN OIMAQ қатысушылары: «Нэтти» салон-ательенің иесі Наталья Гатауллина
Наталья Гатауллина 23 жыл бұрын Қарағанды «Сән колледжін тәмамдаған». Мамандығы бойынша ол технолог-модельер-конструктор
Колледжді аяқтаған соң Наталья ательеде жұмыс істеді, үйде отырып тапсырысқа тікті, ал 15 жыл бұрын жеке ательесін ашты.
«Ательемнің басты міндеті – кәсіби көмек сұрап келгендердің бәріне көмектесу. Менің салоным туралы «Наташаға бар, ол шешімін табады» деп айтады», – дейді тігінші-дизайнер.
Сол себептен де Наталья топтамасын жасау кезінде қыз-келіншектердің қажеттіліктерін максималды қамтуға тырысады. Топта толығымен табиғи маталардан – зығыр мен бәтестен жасалды. Өзара бір-бірімен үйлеседі. Сондай-ақ, клиенттің көңіл-күйі, мінезіне, дене бітіміне байланысты әртүрлі болып, өзгеріп отырады.
Кез келген үлгіні қосымша әшекейлермен толықтыруға болады. Топтама стиль және түс бойынша ұстамды, үйлесімді.
«Әрине, жұмысымда қызықты оқиғалар өте көп. Бұл типаж бойынша ерекше клиенттер, ұғыну қиынға түсетін өзіндік «клиент терминологиясы» да, бірақ ең есте қалатыны – тапсырыспен келген клиенттермен байланыстың әрі қарай достыққа ұласуы. Бұл мен үшін маңызды», – дейді Наталья.
«Шешімі жоқ түйіндер, әрине, бар. Біріншіден, кәсіби өсуге, үйренуге құмар жаңа кадрлар. Көптеген қысқа мерзімді дизайнерлік курстар – сұмдық! Бұл кәсібіміздің жауы! Бұл біліктілікті, еңбек құнын төмендету! Айтарға сөз жоқ!», – дейді Наталья Гатауллина.
Екіншіден, жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіби мамандар мен жұмысшылардың өзара қатынас орнатып, өсуіне арналған алаңның жоқтығы. Байқауға қатысушы дизайнерлерге қарым-қатынас орнатып, бірлескен шығармашылық жобалар жасау қажет.
«Меніңше, жаппай импортты отандық тауарлармен алмастырудың қажеті жоқ. Бұл – біріншіден, өз кезегінде, дамуға әкелетін адал бәсекелестік. Екіншіден, импорттық тауарлар арқылы біз маталарды өңдеудегі, дизайндағы, фурнитурадағы жаңа әдістерді біле аламыз. Бұл жерде сөз, жоғары сапалы импорттық тауарлар жайында», – дейді тігінші-дизайнер.
«ALTYN OIMAQ» байқауына міндетті түрде қатысамын. Екі жыл бұрын жаңа топтама жасауға ниеттеніп, нобайын сызып бастаған болатынмын. Өкінішке орай, жүзеге асыра алмадым. Енді бастағанымды аяқтап, байқауға дайындауға ынтам бар», – деп бөлісті байғауға қатысушы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: