«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Самсон Аракелян «ALTYN OIMAQ» байқауы арқылы идеяларды жүзеге асыруға шақырды

2019 жылғы 29 Наурыз
2170 просмотров

Композитор, музыкант, продюсер, Doma Doma Production лейблы және дыбыс жазу студиясының негізін қалаушы, Маңғыстау облысы бойынша Баскетбол ұлттық федерациясының директоры Самсон Аракелян  «ALTYN OIMAQ» – отандық брендті насихаттау бойынша байқауға қолдау білдірді

«Қазіргі таңда жеке брендті ашу айтарлықтай қиын емес. Оның үстіне оған 100% сенімді болсаң, тіпті жақсы. Егер киім дизайны арманың болса, әрі арманыңның орындалуына барынша күш салуға дайын болсаң – әрекет жаса!», – деп үндеу тастады отандық дизайнерлерге Самсон Аракелян.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП бәсекеге қабілетті отандық брендтерді құруға дайын кәсіпқой дизайнерлердің жаңа буынын  анықтауға бағытталған байқауды жариялады. Байқау жеңіл өнеркәсібі саласын ары қарай дамытуда мүдделі тараптардың күшін біріктіретін болады.

 Байқауға қатысу жайында толық ақпаратты www.altynoimaq.fundwomen.kz немесе www.atameken.kz сайттарынан, сонымен қатар Instagram-дағы @altynoimaq ресми парақшаға https://www.instagram.com/altynoimaq/?hl=ru және Youtube-канал-ға жазылып білуге болады.

Байқауға қатысу үшін www.altynoimaq.fundwomen.kz сайтында тіркеліп, қатысушының бейне үндеуі және эскиздер мен фото суреттерді жүктеу қажет. Қатысушыларға арналған аталымдар: 

1. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»;

2. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны»;

3. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны»;

4. «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны»;

5. «Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» және «спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».

 «ALTYN OIMAQ»  байқауы үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең – өтінім қабылдау мен Комиссияның іріктеуі

1 кезеңнің 1-бөлімі – 4 наурыз басталуы, 15 мамыр – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

1 кезеңнің 2-бөлімі – 10 маусым – басталуы, 15 қыркүйек – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

Екінші кезең – қоғамдық онлайн-дауыс беру.

Үшінші кезең – Байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.

Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы. «ALTYN OIMAQ» байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жыл желтоқсанда өтеді. Іс-шара аясында іскерлік бөлім, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер