«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бизнесмендерді offtake-шарттарына өтінім беруге шақырады

2019 жылғы 05 Наурыз
- Алматы қаласы
3123 просмотров

«Атамекен»  өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Жобалық кеңсенің, сондай-ақ, келесі өнімдерді шығаруды ұйымдастыру кезінде offtake-келісімшарттарын жасауға ықтимал  болатын шарттарға келіп түскен өтінімдер туралы хабарлайды:

  1. дөңгелек жұптары (тапсырыс беруші – ҚТЖ),
  2. ұзын рельстерді тасымалдауға арналған состав  (ҚТЖ),
  3. рельстік бекітпелер (ҚТЖ),
  4. сутек асқын тотығы (Қазатомпром),
  5. жүк вагоны арбасының бүйір жақтауы (ҚТЖ),
  6. электр қозғалтқыштар,
  7. батпалы винтті сорғыштың айналуының бастиек жетегі (ҚМГ).

Осыған байланысты, адал бәсекелестік және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың мүдделі өкілдерін қарастырылып жатқан өнімдер бойынша баламалы өтінімдерді беруге шақырады.

Қабылдау мерзімі: 2019 жыл 20 наурызға дейін (осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн).

Өтінімдерді қабылдау – services.atameken.kz кәсіпкердің бірыңғай терезесі арқылы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер