«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2019 жылы «Самұрық-Қазына» Қорының сатып алулары қалай өзгереді?

2019 жылғы 23 Қаңтар
4218 просмотров

 2018 жыл 18 маусым күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Самұрық-Қазына» Қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Соның нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылды.

Сатып алулар қағидаларына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған өзгертулер енгізілді, атап айтқанда:

-сатып алуды бірінші кезекте Қор өндірушілері арасында жүргізу. Қазіргі таңда Қор тізілімі 562 отандық тауар өндірушіні қамтиды. Қазақстанда шамамен 2 мың кәсіпорын Қор компаниялары сатып алатын номенклатура бойынша тауар шығарады;

 - оффтейк-контракттар механизмі енгізілді;

Аталған жаңа механизм Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістерді игерген кәсіпорындар үшін ұзақ мерзімді тапсырыстарды кепілдік етеді.  

 -сомасы 250 млн теңгеден жоғары жұмыстарды сатып алу кезінде Холдинг тізілімінде тұрған кәсіпорындардан отандық материалдар мен жабдықтарды қолдануды талап ету.

 Осындай жұмыстарды жыл сайынғы сатып алу 300-350 млрд теңгені құрайды.

  • тапсырыс берушілердің тауар, жұмыс қызмет көрсетуді қабылдау-беру актілеріне қол қою мерзімін реттеу мақсатында 10 жұмыс күні белгіленген, осы мерзім ішінде тапсырыс беруші әкелінген тауарды қабылдауы керек немесе жеткізушіге тауарды қабылдамау бойынша негізделген дәйек келтіруі тиіс;
  • әлеуетті өндірушілердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша сатып алу үшін сатып алынатын тауарлардың үлгілеріне қойылатын талаптарды белгілеуге тыйым салынады;
  • тапсырыс берушілер тендерлер құжаттарында бұзушылықтарды анықтаумен байланысты тендерлерді алып тастау бойынша норманы шамадын тыс қолдануын болдыртпау мақсатында тапсырыс берушілер үшін тендерлік өтінімдерді ашқаннан кейін осы негізде тендерді болдыртпау мүмкіндігі алынып тасталды.

 Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Самұрық-Қазына» Қоры және отандық бизнестің бірлесуімен 2018 жылға ішкі холдингтік кооперация шеңберінде жүзеге асыруға болатын тауар, жұмыс қызмет тізбегі әзірленіп, бекітілді. Соның нәтижесінде бәсекелік ортаға 309 млрд теңгеге тең сатып алулар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 Сондай-ақ, санатты басқару арқылы жергілкті өндірушілерді қолдау мен дамыту жүзеге асырылады:

 «Арнайы аяқ киім»  және «Кабельді-өткізгіштік өнім» санатты сатып алушылық стратегиялар әзірленді, онда тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасы өндірушілері арасында ғана жүргізу қарастырылған. Аталған тізбекті отандық бизнесті ескере отырып, кеңейту көзделген.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер