«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» жобасына қатысқан сатушы жеке кондитер цехын ашты

2019 жылғы 09 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы

Жас келіншек нан-тоқаш пісіруді жастайынан жақсы көреді

 Оған түрлі мерекелерге балкүлшелер, печенье мен бәліш пісіру қатты ұнаған. Қызықты рецепт пен кішкене фантазия қосу арқылы керемет тәттілер жасалды. Барлығы тамсанатын. Нұржамал кондитерлік өнімдерді аз ғана көлемде жақындарының тапсырысымен пісіретін, бірақ сатушылық жұмысы сүйікті іске уақыт қалдырмады.

«Күннен күнге тапсырыстар ағыла берді, бірақ жеке кәсіпті бастауға қорықтым. Ауыл тұрғындарының сұрауымен бірнеше балкүлше, он шақты бәліш пісіремін де болды. Сосын таныс адам «Бастау» жобасы туралы айтты. Енді менде ынта пайда болды. Нан-тоқаштарды көп мөлшерде пісіре алатынымды, табысты болатынымды түсіндім», – деді бастауыш кәсіпкер.

«Бастау» жобасы бойынша оқып алған Нұржамал Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 млн теңге көлемінде несие алды. Осы қаражатқа кәсіпкер шағын цехке қажетті жабдық: үлкен және қуатты пеш, кондитерлік массаларды пісіруге арналған қазандық, формалар мен басқа да заттар сатып алуды жоспарлап отыр. Цехке арналған орынжайды бастапқыда жалға алынады.

 «Қазіргі таңда мен бірден 20 бәліш пісіре аламын, ал кәсіби пеш сатып алсам, бірден 80-100 бәліш пісіруге болады. Бұған қоса уақыт үнемделеді. Электр энергиясына кететін шығын да азаяды», – деді Нұржамал Нұрланова.

 Ары қарай кәсіпкер бизнесін кеңейтпек, кафетерий ашылады да онда келген қонақтарға жаңа піскен кондитерлік өнімдер ұсынылады.

 ШҚО ӨКП Аягөз филиалының директоры Гүлмира Зайниеваның айтуынша, былтыр «Бастау» жобасына 241 адам қатысып, 228 адам жобаларын сәтті қорғап шықты.

 «Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына бағытталған: мал өсіру, құс шаруашылығы, өсімдік шарушылығы. 38 қатысушы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаражат алды. Несиелер 1-6 млн теңге көлемінде берілді. Айта кетелік, 2017 жылмен салыстырғанда «Бастау» бойынша оқығандар саны 30%-ға артты», – деді филиал директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер