«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Республикалық көрме-байқауға Атыраудан кәдесыйлар келеді

2018 жылғы 28 Тамыз
- Атырау облысы
12791 просмотров

Атыраулық кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында 100%-ға жергілікті материалдан жасалатын кәдесыйлар өнімін таныстырады.

 «Эталон» жарнама агенттігі 2013 жылы құрылып, Атырау облысында  полиграфия мен сыртқы жарнама бойынша қызмет көрсетуге маманданған алғашқы отандық кәсіпорын атанды. Осы уақыт аралығында кәсіпорын  үнемі дамып отырды – көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп, жабдық жаңартылып, өнім сапасы артты. Қазіргі таңда компания танымал болып, клиенттердің көңілінен шығып отыр.  

 «Көп жылғы тәжірибе арқылы біз қызмет көрсетудің жоғарылығы мен ынтымақтастыққа кепілдік беретін отандық сенімді компнаияға айналдық. Қазіргі таңда жарнама агенттігіміз «Самұрық-Қазына» қорының әлеуетті жеткізушілер тізіміне кіріп отыр. Ассортиментте 300-ге жуық бұйым бар. Жыл сайын 40-қа жуық жаңа бұйымды әзірлейміз. Баға мен сапа көрсеткіштерінің оңтайлы қатынасына сәйкес, кәсіпорын өнімдерінің көпшілігі алыс және жақын шет елдердің нарықтарында табысты бәсекелесе алады деп санаймыз», – деді «Эталон» жарнама агенттігінің директоры Асқар Саппаев.

 Кәсіпорын бірінші кезекте сапалы қызмет көрсетуді көздеп отырғандықтан 2012 жылы жарнама агенттігі Xerox® iGen4™ 110 атаулы техникалық жабдықты сатып алды, мұндай жабдық бүкіл батыс өңірінде ешбір полоиграфияда жоқ. Машина конструкциясы мен жаңа техникалық шешімдерді қолдану қарапайым материалдарда да, текстуралы және жабынды қағаздарда да басып шығарудан кейінгі тегіс, дайын баспа өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етеді. Бұл инновациялар полиграфияда және кәдесый өнімідерін шығаруда қолданылып отыр.

 Қазіргі таңда компания өз клиенттеріне ерекше, өзгеше және стильді сыйлықтар жасауға маманданған. Шеберлер белгіленген мерзім ішінде әдемі кәдесыйларды ағаштан, органикалық шыны, сонымен қатар басқа да материалдардан жасап береді. «Эталон» жарнама агенттігі әзірлеген әр кәдесый жекелеген дизайнмен жасалады. Барлық өнім 100%-ға отандық материалдан дайындалады.

«Отандық нарықта ұсынылған кәдесыйлардың 80%-ы Қазақстаннан тыс жерде, әдетте Азия мемлекеттерінде жасалады. Алайда, жергілікті өндірушілер позициялары жылдан жылға нығайып келеді. Атап айтқанда полиграфия сегментінде отандық өндірушілер нарықты шетелдік өндірушілермен теңдей бөліп отыр. Қазір біз тарихи бұйымдар көшірмелерін (реплика) жаңа тізбегін кеңейту бойынша жұмысты бастап кеттік.  Біздің зерттеулер бойынша мұндай өнім Атырауда жоқ. Осы тиізбекті басқа да бұйымдармен қоса республикалық көрме-байқауда көрсетпекпіз. Жеңіске үмітттіміз», – деді компания басшылығы.

Айта кетелік, «Эталон» жарнама агенттігі «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында жеңіске жеткен. Республикалық деңгейде 9 атыраулық кәсіпорын «Халыққа арналған үздік тауар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» аталымдары бойынша қатысатын болады.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер