«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Made in Aktobe өрт сөндіргіштері үздік тауар аталамынан үміткер

2018 жылғы 14 Тамыз
- Ақтөбе облысы
10451 просмотров

Ақтөбе облысының 9 өнеркәсібі «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға дайындық үстінде. «Өндірістік мақсаттағы» үздік тауар» аталымында Ақтөбенің өртке қарсы жабдық шығаратын зауыты бақ сынайды.

Аталған зауыт – бастапқы өрт сөндіру құралдарын толық циклмен шығаратын жалғыз кәсіпорын. 2012 жылы ЭКСТРА-KZ ұнтақты өрт сөндіргіштерді шығарды, ол ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық зерттеу институтында аккредитациядан өткен. Зауыт ұнтақты және көмірқышқылды өртсөндіргіштерге 1 жыл кепілдік береді, сондай-ақ пайдалануға берілген 10 жыл бойы қайта қуаттау сервистік қызметін де көрсетеді.

2014 жылы зауыт өртке сөндіруге арналған шкафтар мен құм, шелекке арналған қалқан, жәшік шығаруды бастады. Ақтөбе зауытының өнімдерін таза отандық сапа деп атауға болады. оның үстіне зауыт өнімдері кез келген клиент үшін қол жеткізетіндей баға ұсынып отыр.

«Осы жылдар аралығында өндіріс желісін автоматтандыруға дейін жеткізіп, толықтай қалдықсыз циклға шықтық. Біздегі өндірістің артықшылығы жеке тапсырысты дайындай алатындығымызда. Зауыттың өрт сөндіруге арналған құралдары Астанадағы «Экспо-2017» нысандарына қолданылғанына мақтанамыз. Бұл да шығарылған өнімнің сапасын мойындау», – дейді Ақтөбе өрт сөндіру жабдығы зауытының директоры Тимур Рабаев.

Бүгінде зауыттың өнімдері республикада мемлекеттік, жеке меншік мекемелерде, балабақша, мектеп, аурухана, тіпті ірі мұнай компаниялары сынды түрлі ұйымдардың ғимаратында қойылған.

Өрт сөндіру құралдарын Алматы, Астана, Шымкент, Атырау қалаларында ашылған зауыт өкілдігінен алуға болады. Ақтөбеде арнайы орын ашылған, тапсырыс та қабылдайды.

Зауыт басшылығы әлеуметтік жауапкершілікті де қоса атқарып келеді. Мұқтаж жандарға демеушілік көмек көрсетеді. Демалыс уақытында студенттерді жұмысқа қабылдап, лайықты еңбекақы да төлейді.

Осы уақытқа дейін зауыт «Қазақстанның үздік тауары» көрмей байқауында өңірлік деңгейде бірінші орынды иеленген. Сонымен қатар осы аталымда «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС мен «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС үздік деп танылған еді.

Ал «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында есік шығаратын «West Line doors» ЖШС үздік атанды. Осы аталымдағы үздік үштікке «Қаз Қағаз» ЖШС мен «Ақсу» жиһаз фабрикасы енді.

Өңірде таңқурайды өсірумен және өңдеумен айналысатын «Болат ЛТД» ЖШС, «Ақтөбе ет кластері» ЖШС мен ұн, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын «Рамазан» ЖШС «Үздік азық-түлік тауары» аталымын алды.

Еске салсақ, Ақтөбе өңірінің үздік тауарлары 11 шілдеде анықталды. Байқау барысында Ақтөбе өнімдері көрме-жәрмеңкесі де ұйымдастырылып, тұрғындар тауарларды өндірушінің бағасымен ала алды.

«Үздік 9 жеңімпаз республикалық деңгейде өңірді таныстырады. Биылғы республикалық айқау Астанада қазан айының 12-13 күндері өтуі мүмкін. Республикалық байқау жеңімпаздары байқау белгісін жарнамалық мақсатта 4 жыл бойы пайдалана алады», – деді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Бауыржан Дарұлов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер