«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сарыкөл тұрғыны жылқы шаруашылығын қолға алды

2018 жылғы 20 Шілде
- Қостанай облысы

Жақсы көретін істі бизнеске айналдыру үшін екі нәрсе қажет:  білім мен қаражат. «Бастау» жобасы арқылы Сарыколь тұрғыны Қанат Оразбеков білімге, де қаражатқа да ие болды. 2 300 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несиені кәсіпкер 6 жылқы мен жем-шөп сатып алмақ.

Қанат Оразбеков биыл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру алған ауданда алғашқы тұрғын  болды.

 «Несиені тез алдым, үш апта ішінде рәсімделді. Үш жылқыны сатып алып үлгердім, жуық арада тағы да үш жылқы сатып аламын. Келешекте мал басын жиырмаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмын. «Бастау» жобасында бизнес-тренердің жетекшілігімен бизнес-жоспарды құрдым. Сонымен қатар салық есебі бойынша да білімімді толықтырдым», – деді Қанат Оразбеков.

Осыған дейін Қанат Оразбеков кәсіпкерлікпен айналысқан болатын. Кәсібі отын дайындау, дүкен, кішігірім таксопрак қызметімен байланысты болған. Алайда уақыт өтіп жатыр, заңнама өзгеруде, сондықтан кәсіпкерлік негіздері бойынша білім кәсіпкерге пайдалы болды. Ал мал шаруашылығына үйренудің қажеті жоқ, өйткені Қанат Оразбеков өмір бойы ауылда тұрған кісі, жылқылар табиғатынан жақсы хабардар. Мал адамның ерекше мейірімін түсінеді, де тура солай адамға да әрекет етеді – жуас болып, тентектік танытпайды.

 «Жылқы – қазақтың қазынасы. Бұл табысты бизнес. Жолдарын білсең әрине», – дейді кәсіпкер.  

Келесі кезекте – сарыкөлдіктердің тағы екі жобасын 6 800 000 теңге сомасында қаржыландыру көзделген. «Бастаудың» тағы бір түлегі малы шаруашылығын, екіншісі – омарташылықты қолға алмақ. Несие жағы шешіліп тұр, енді құжат жинау ғана қалды. «Атамекен» шағын несиелеу ұйымы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландыруға ауданның 12 тұрғыны өтінім берген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер