«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үздік өндіруші – өңір мақтанышы

2018 жылғы 02 Шілде
- Шымкент қаласы
6958 просмотров

Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары-2018» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Көрме» орталығы және оның алаңы өңірде шығарылған үздік өнімдердің көрсетілу орнына айналды. Байқаудың екінші күнінде сараптама комиссиясы 200-ден астам кәсіпорынның үздік өндірушілерін таңдады.

Жеңімпаздар негізгі үш аталым бойынша анықталды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары».

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы

Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Өндірістік мақсаттардың үздік тауарлары» аталымының жеңімпазы «Mega Smart» жиһаз компаниясы болды. Бұл өндірісте 3D жылтыр тақталарын Оңтүстік Корея технологиясын қолданатын Қазақстандағы бірегей жобалардың бірі.

Осы номинацияның орта кәсіпкерлік субьектілері арасында жеңімпазы темірбетон өнімдерін шығаратын «Dala-Construction» ЖШС.

Шағын бизнес субъектілерінің арасында бұл номинация «Ecopharm» дәрілік препараттарын шығаратын зауытқа берілді.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы

Жеңімпаз мақта шикізатынан өсіруден жабық өндірістік циклды іске асыратын «Азала Текстиль» фабрикасы болды, ол мақтадан сүлгілер, төсек-орын жабқыштары және киім дайын өнімдерін шығарады.

Орта бизнес компаниялар арасында ең үздік тауар Түркістанның «Гранд-Микс» жиһаз фабрикасының өнімдері болды.

Орта бизнес субьектілері кәсіпкерлер арасында балалар пластмассалық ойыншықтарын шығаратын «Байтемирова» ЖК жеңімпаз атанды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы

Ірі кәсіпорындар арасында осы номинация бойынша көшбасшы макарон өнімдерін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС-не тиесілі болды.

Орта бизнес субьектілері арасында номинацияның жеңімпазы - Қазақстанның барлық қалаларында кондитерлік өнімдердің дамыған желісі бар кондитерлік өндіруші Мадлен атанды.

Шағын бизнес субъектілерінен өз бақшаларынан жеміс шырындарын шығаратын «Арсенал-Сад» ЖШС-не бұйырды.

Өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары–2018» республикалық байқауына қатысу құқығын алды.

Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурсы аясында өткен «Өңірлік өнімдері» көрме-жәрмеңкесіне қатысушылар үшін 28 номинацияны құрды.

Олардың арасында «Жыл бренді» аталымы бойынша – керамикалық-гранит тақта шығаратын «Зерде керамика» ЖШС, «Халық таңдауы» – «Алтын дән» ЖШС, «Жыл серпіні»- «Ordabasy milk», «Әлеуметтік маңызы бар жоба» «Хаят Р.У.Ж» компаниясына тиді, «Көрменің үздік дизайны» – «Бал Текстиль» кілем фабрикасы, «Эко өнімдерінің үздік ассортименті» – «Аrsen AS.», «Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі» - «Композит ЮГ», «Табиғи өнім өндірушісі» – «Амангелді» ЖШС, «Инновациялық жоба» «Roboavia СП» ЖШС, «Жас кәсіпкер» аталымы – «Beren apparel» жас компаниясы, «Үздік тауарлық қаптама»  –  «Рауан» ЖШС, «Үздік этноөндіруші» - «Эко өнімдері», «Үздік әлеуметтік жоба» – «Омарова» ЖК және басқалар.

Шымкент қаласының және Түркістан облысы әкімдерінен басқа, іс-шараға ҚР «Атамекен» ҰКП конкурстар ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова және өз жүлдесін-Бурабай курортына жолдаманы үздік этноөндіруші- «Эко өнімдері» компаниясына табыстаған Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахпбеков қатысты.

Еске салсақ, облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде өңірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынған Шымкент және Түркістан облысының 200-ден астам тауар өндірушілері қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер