«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ұзақмерзімді келісімшарттарды ҚР кәсіпорындарының қарызына арналған кепілдік ретінде қабылдауды ұсынады

2018 жылғы 18 Маусым
7757 просмотров

«Атамекен» отандық тауар өндірушілерге несие беруде ұзақмерзімді келісімшарттарды кепілзат ретінде тануды ұсынып отыр

Осы және басқа да ұсыныстарды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» форумы аясында айтты. Форум жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Барлығы 300 адам өңдеу өнеркәсібі мәселелерін талқыға салды. Форум барысында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» Қоры арасында өзара қарым-қатынас туралы Келісім және «Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» Қоры және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арасында жобалық кеңсе құру туралы Келісім  жасалды.

Абылай Мырзахметов отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда Ұлттық палатаның ұсыныстары жайында баяндама жасады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары жұмыстың 4 бағыты бойынша нақты шараларды қамтиды: салалық саясатты жетілдіру, реттелетін сатып алулар жүйесінде реформалар, техникалық реттеу мен стандарттау құралдарын толық пайдалану, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.

«Бизнес мемлекеттік қолдау мен реттелетін сатып алулар боынша ұзақ мерзімді шарттарды алу үшін өнім сапасы, кәсіпорынды орналастыру деңгейі, цифрландыру мен жаңғырту бойынша міндеттемелерді өз мойнына алу керек», – деді Абылай Мырзахметов.  

«Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» Қоры және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі базасында отандық тауар өндірушілерді ұзақмерзімді тапсырыстармен, оның ішінде offtake-шарттармен қамтамасыз ету, жүзеге асыру үшін жобаларды іріктеу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, қолда бар ең жақсы әдістер мен технологиялар негізінде өндірістерді ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін Жобалық кеңсе құрылады.

«Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібіндегі барлық тауардың 60%-ы импорт болып табылады» – деді Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палата реттелетін сатып алулар әлеуетін, ипортты алмастыру арқылы отандық өндірісті дамытуға арналған «бір терезені» құру есебінен кәсіпорынға кешенді қолдау көрсету мүмкіндігін қолдануды ұсынады. Ары қарай осы шара арқылы жоғары қосылған құны бар тауарлар экспортының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Кәсіпорындарға қолдау көрсету аясында «Атамекен» индустриялық сертификат негізінде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер