«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспорттаушыларға нақты әрі атаулы қолдау көрсету керек

2018 жылғы 18 Маусым
3564 просмотров

Экспорттың негізгі түйткілді мәселелері және экспорттаушыларды қолдаудағы шаралар жайында «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқармасының басшысы Берік Бекенов  «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» форумы аясында хабарлады.

Форум жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. 

«Экспорттаушыларға ерекше назар аудару ұсынылады. Бүгінгі таңда Ұлттық палата жүргізген паспорттау нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде шамамен 300-400 экспорттаушы бары анықталды. Бұл кәсіпорындардың экспорт саласында тәжірибесі мол және олар  номенклатураның кең ауқымын өндіріп отыр. Экспорттаушыларды атаулы қолдау аясында экспортты сақтандыру, сауда және экспортқа дейін қаржыландыру сынды жұмыс істеп отырған қаржы институттары, сондай-ақ сервистік құралдар, сауда миссиялары, шетелдік көрмелермен қатар әр кәсіпорынға жеке атаулы тәсіл қолдануды ұсынамыз. Әрі кәсіпорынмен ежей-тегжейлі жұмыс істеп, оның нақты мәселелерін шешу керек», – деді Берік Бекенов.

Осы ретте «Атамекеннің» үйлестіруімен ішкі нарықта отандық тауар өндірушілердің әлеуетін арттыру бойнша жұмыс жалғасады, бизнес-ахуалды жақсарту, инфрақұрылым мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржы көздеріне, сонымен қатар сервистік көмекке қол жеткізу бойынша жүйелі шаралар қолданылады.

«Қазіргі таңда қолданыстағы қолдау құралдарына талдау мен жетілдіру жұмыстарын атқарып келеміз. Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін тиімді ынталандыратын құралдарды сақтап қалу ұсынылуда, осы ретте өңдеу өнеркәсібі саласында  кәсіпорындарды тиімді қолдауды арттыру мақсатында  қолдауды бизнестің қарсы міндеттемелері есебінен жасау ұсынылып отыр. Яғни осындай қолдау экспорттық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізуге кепілдік бере алатын кәсіпорындарға ғана көрсетіледі», – деді спикер.

Қазіргі таңда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп цифрлық шешімді енгізуді ынталандыру бойынша қосымша шараларды дайындау үстінде.

Қазақстандық индустрияны дамыту институтының Басқарма төрағасы сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комиссияның жұмысын күшейту маңызды екеніне назар аударды. Комиссия жиі орын алатын мәселені шұғыл түрде шешетін бірыңғай үйлестіруші органға айналуы тиіс. Бір жұмыс істеп тұрған дамыту институттарының базасында индустриализация бағдарламасы бойынша терезе қағидатымен толық басқаратын кеңсе, талдау орталығын құру жоспарланған.

Берік Бекенов сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде орын алған мәселелерге назар аударып, саланы дамытуға арналған негізгі бағыттарды атады.

«Айтарлықтай ілгерілеуге қарамастан соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінде кәсіпорындардың сыни массасын өсіру қажет. Салыстырғанда: Қазақстанда 1000 экономикалық белсенді адамға өңдеу өнеркәсібінің екіден кем кәсіпорны тиесілі. Ресейде үштен атсам, ал Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының елдерінде 9 кәсіпорыннан астам», – деп атап өтті спикер.

Мұнымен қоса инвестициялық белсенділікті қарқындату, өндірілетін өнімнің технологиялық күрделілігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау жоспарланған.

Еске салсақ, «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» форумы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында өтіп жатыр. Форум барысында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» Қоры арасында өзара қарым-қатынас туралы Келісім және «Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» Қоры және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арасында жобалық кеңсе құру туралы Келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер