«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

30-дан астам павлодарлық кәсіпкер оқу семинарына қатысады

2018 жылғы 04 Маусым
- Павлодар облысы
3392 просмотров

Сапа байқауына қалай қатысуға болады?

Қандай критерийлер қойылады? Үздік өндірушілердің басты байқауларында не өзгерді? Осы және басқа сұрақтар «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауар» көрме-байқауы бойынша оқу семинарында айтылады. Осы байқауларда отандық тауар өндірушілер дәстүрлі түрде өздерінің жоғары мәртебесін дәлелдеп, сапа менеджменті саласында жетістіктерін паш етеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Таңшолпан Бахаеваның айтуынша биыл павлодарлықтар байқауларға жоғары қызығушылық танытып отыр.

Байқаулардың мақсаты – отандық тауар өндірушіні қолдау, оны өнім сапасын арттыруға ынталандыру, отандық тауар брендтерін алға тарту болып табылады.    

«Өз өнімін үнемі жақсартқысы келетін кәсіпкер үшін бұл байқаулар танылудың жақсы мүмкіндігі. Өндірушілер тауарын насихаттай отырып, белгілі бір салада үздік деп танылады», – деді Таңшолпан Бахаева.

ӨКП сарапшысының айтуынша семинарға 30-дан астам тауар өндіруші қатысады. Оларға байқау құжаттарын дайындау, байқау шарттары мен ережелері түсіндіріледі, сонымен қатар сапа саласында өтетін халықаралық байқаулар жайында ақпарат беріледі.

 Айта кетелік, биыл «Алтын Сапа» байқауы жаңа аталыммен толықты. Онда ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірушілері өкілдері бақ сынасады. Енді байқауда төрт аталым бар, олар: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарлары және /немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

  Бұған қоса байқауда тағы екі қосымша арнайы сыйлық бар: «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба».     

Өндірушілерді байқауға қатысуға ынталандыру шаралары енгізілуде. Бұл «Алтын сапа» байқауының әр лауреатына қарастырылған  1 млн теңге көлемінде ақшалай қолдау. Оқу семинары 5 маусым күні Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер