«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Нұржанар» АҚ: 25 жыл сапа мен инновация жолында

2018 жылғы 30 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
6889 просмотров

«Нұржанар» сауда маркасы экономикалық күрделі кезеңде құрылған. Қиындықтарға қарамастан кәсіпорын өнім сапасы мен инновацияларды енгізуге қаражатты үнемдемеді. Осындай жұмыс нәтижесі өз жемісін берді. Компания тұрақты дамып қана қоймай, жақсы жетістіктерге де жеткен.

Бүгінде «Нұржанар» жаңа нарықтарды көздейтін өңірдегі танымал бренд. Кәсіпорын «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауларында танылған, «Қазақстанның үздік сыра өндірушісі» деген атаққа да ие болған. Жетістіктер тізбесінде басқа да жүлделер бар, оның ішінде сапа сертификаттары – кәсіпорынның жылдар бойы мінсіз жұмыс істеп келе жатқанын дәлелдейді.

Келесі жылы зауыт жарты ғасырлық мерейтойын атап өтеді. «Нұржанар» АҚ 1969 жылы ашылған Орал сыра-алкогольді зауыты базасында негізделген. Байырғы дәстүрлерді жалғастыра отырып, компания замануи бағытта жетіліп келеді.

«Өндірісте тек табиғи, барлық стандарттарға сай шикізатты пайдаланамыз. Негізгі тауар – су өндірісі. Су 4-деңгейлі тазалау кешенінен өтеді, зертханадан түрлі сынамадан сұрыпталады. Содан кейін ғана өндіріске жөнелтіледі. Біз сапаға жұмыс істейміз. Сапа деңгейін түрлі байқау, жарыстарға қатысып дәлелдеп отырмыз. Жеңіске жеткен кезеңдер, жүлделеріміз бізді қанаттандырады»,– деді кәсіпорын жетекшісі Рустам Ахметов.  

 2004 жылы «Нұржанар» АҚ әртараптандыруға бет бұрды. Кезең бойынша моденрнизациялау 2007 жылы аяқталды. Барлық технологиялық тізбек бойынша сыра өндірісінде сақтау мерзімі жоғары сапалы өнім алу мақсатында заманауи жабдықпен қамтылды. Көлемді ұлғайтып, ассортиментті арттыру арқылы 2011 жылы зауытта цехте ас суын шөлмекпен шығару өндірісі қолға алынған. 5 жыл өткен соң мұнда сағатына  он тоғыз литрлік 120 құтыны шығару өндірісі орнатылды.  Жуырда сыраны баллондарға құю тізбегі іске қосылды.  

 «Нұржанар» сауда маркасының өнімі негізінен отандық нарықта сатылады, 20%-ы Ресейге тасымалданады. Сыраның 10-нан астам түрі шығарылады. Барлығы жоғары сұранысқа ие. Өнім бәсекеге қабілетті», – деді Рустам Ахметов.

Кәсіпорынның жалпы қуаты – жылына 50 млн литр өнім шығару. «Нұржанар» АҚ сыраның төрт сұрыбын («Нұржанар», «Рижское, «Жигулевское», «Ритер»), «Нұржанар» мен «Хлебный» квасын, «Лайм» алкогольсіз сусынын шығарады.

 Отандық өнім экспортқа сенімді шығып жатыр. Соңғы 5 жылда зауыттағы өнімділік 3 есеге артқан. «Нұржанар» АҚ енді айналымды арттырып, сусын мен сыра түрлерін көбейтеді. Биыл кәсіпорын «Алтын Сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауыларына қатыспақ.

 Айта кетелік, «Нұржанар» АҚ үшін әр бесжылдық дамудағы жаңа белес болып табылады. Өзінің «алтын» мерейтойын кәсіпорын зор тәжірибе мен үлкен жетістікпен қарсы алмақ. Келешекке үлкен жоспарлар қойылған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер