Консалтинг компаниясы «Алтын сапа» сыйлығына үміткер
Шығыс Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласында ресми сертификатталған жалғыз компания үздік қызмет көрсететін компания атағын алуға бақ сынайды
«Госзакупки консалтинг» ЖШС директоры, заңгер Андрей Романов былтыр Астанада өткен «Алтын сапа» ұлттық сыйлығын табыстау салтанатына қатысқан. Өңірлік Жас кәсіпкерлер мектебіндегі рейтингті коучтер ретінде жеңімпазға «Іскер» аталымын табыстаған.
«Бізді бәрі таныды. Сол іс-шара Қазақстанның барлық аумағына таралды. Президентті де көре алдым. Ол жерде жас кәсіпкер, Қазақстан Республикасы шағын бизнесінің өкілі ретінде қатыстым», - деп еске алды кәсіпкер.
Биыл алғашқылардың бірі болып ҚР Президентінің сыйлығына өтінім берді.
«Байқау танымал болуға, жоғары деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді. Нарыққа шығуға жол ашады, осылайша мүмкіндіктің ауқымы кеңейеді», - дейді кәсіпорын директоры.
Кәсіпорынның ашылғанына небәрі 3 жыл болды, өңірде баламасы жоқ. Компания консалтингтік қызмет түрлерін, оның ішінде оқыту бойынша кәсіби қызмет көрсету, Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің барлық электронды алаңында тендерлік өтінім беру, толық заңгерлік қолдау, сотта және мекемелерге заңгерлік көмек көрсету, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізімінен алып тастау көмегін көрсету, веб-порталдарында жұмыс бойынша тіркелу және кеңес беру қызметтерін қамтиды.
2016 ЖШС ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің мәліметі бойынша жылы «Госзакупки консалтинг» консалтингтік және заңгерлік қызмет көсрету саласында үздік деп танылды.
2017 жылдың тамыз айынан бастап кәсіпорын мемлекеттік сатып алулар саласында заңгерлік қорытынды беру қызметімен айналысады.
Мұнымен қоса, кәсіпорын Қазақстан мен Ресей бойынша кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға заңгерлік қызмет көрсетуге мамандануда. Мемлекеттік сатып алу саласында семинарлар, жеке оқыту қызметтерін көрсетеді.
Сонымен қатар, Райымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі, «Ертіс бройлер тауығы фабрикасы» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығынан үміткер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: