Астанада шығарылатын шыны «Алтын сапада» сыналады
«Елорда шыныпакет компаниясы» ЖШС алғаш рет өз өнімін Астана нарығына 2006 жылы шығарды. Бүгінде Қазақстанда құрылыс саласына арнап шыныпакеттерді қайта өңдеу және өндірумен айналысатын ірі компаниялардың бірі.
«Біздің өнім EXPО халықаралық көрме павильондарына қойылған, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының терминалы, «Қазақстан» спорт сарайы, ҚР Парламент Сенатының ғимараты, «Көрме» залы, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Назарбаев университетінің» медицина мектебі және көптеген әкімшілік орталықтар мен тұрғын үй кешендерінің құрылысында пайдаланылды», – дейді компания директоры Аман Аюпов.
«Елорда шыныпакет компаниясы» ЖШС-ында ауданы 8000 ш.м. болатын өндірістік база бар, оған еуропалық бірінші санаттағы жабдық қойылған. Шыныпакеттерді шығаруда сапасы жоғары, әлемдік стандарттарға сай материалдар пайдаланылады. Толықтай автоматтандырылған желіде компания тәулігіне 1600 ш.м. шыныпакеттерін шығарады.
«Зауыттағы соңғы технологиялардың бірі – термопластикалық дистанциялық жақтау қолданылады (TPS). Ел нарығында аталған технологияның баламасы жоқ және шындығында бірегей өнім. Нарықтың сұранысына қарай зауытта шынықтыратын 2 пеш қойылған», – дейді Аман Аюпов.
«Елорда шыныпакет компаниясы» ЖШС түрлі байқауларға қатысқан, 2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымына ие болған.
Компаниядағы маңызды стратегиялық ресурс – мамандар тобы. Қазіргі таңда біліктілігі жоғары 100-ден астам жұмысшы еңбек етеді.
«Өмір сапасын жақсартатын, барынша жайлылық беріп, көру көкжиегін кеңейтетін үздік өнім шығаруға деген ынта қызметкерлердің өзін-өзі дамытуына, жетілуіне септігін тигізеді. Шыны нарығында стандартты анықтайтын тың шешімдерді енгізе, жоғары нәтижеге ұмтыла жұмыс істеп, сапа саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу келешекті осы шаққа айналдыраы. «Алтын сапа» байқауы біз үшін маңызды, сапалы шыны дәл Астанада шығарылатынын дәлелдегіміз келеді», – деп тұжырымдады Аман Аюпов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: