«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын сапа-2018»: айтарлықтай өзгерістер бар

2018 жылғы 15 Мамыр
- Шымкент қаласы
3193 просмотров

Жеңімпаздарға алғаш рет ақшалай сыйлықтар беріледі

Оңтүстік Қазақстан өндірушілер қазақстандық бизнес әлеміндегі ең маңызды және беделді байқау – ҚР «Алтын сапа» Президентінің сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына дайындалуда. Биылғы жылы байқаудың ұйымдастырылуына бірқатар іргелі өзгерістер енгізілді. Бұл туралы журналистерге ОҚО Кәсіпкерлер палатасында айтылды.

«Алтын сапа» сыйлығының алғашқы жеңімпаздары 450 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл миллион теңгеден асатын сома. Қалауынша ұтып алған қаражатты кәсіпкерлер халықаралық сапа байқауына соның ішінде жеңімпаздарға байланысты ТМД өндірушілерінің өнімдері мен қызметтері саласындағы жетістіктері үшін байқауға кеткен шығындарын өтей алады. 

Сонымен қатар, «Алтын Сапа» байқауы айқын болмақ. Өңірлердегі кəсіпорындарды орнында тексеру, онлайн дауыс беру, тәуелсіз сарапшылар пулын қалыптастыру сияқты өзгерістер енгізілді.

Тағы бір елеулі өзгерістердің бірі – ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі саласында жаңа, төртінші аталымның енгізілгендігі. Тиісінше, сыйақылар төмендегі санаттар бойынша шағын, орта және ірі бизнес субъектісі болып саналады:

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын».

«Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын»

Бұдан бөлек, «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілді. Байқауларға «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар кез келген  тауарлар өндірумен айналысатын кәсіпорын қатыса алады.

Баспасөз мәслихатында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Асқар Әбубәкіров айтып өткендей, «Атамекен» ҚР ҰКП бұл байқауды үнемі жетілдіруге тырысады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты түрде бизнеспен байланысып, олардың тілектерін білетіндігін ескере отырып, үздіксіз үдерісте болды. «Атамекен» өңірлердегі бизнестің өзіндік ұсыныстарын жинауға және талдауға дайын.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына да өзгерістер енгізілді.  Жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды.

«Егер бұрын бұған дейін бірінші, екінші және үшінші дәрежелі жеңімпаздар анықталса, қазір әр номинация бойынша үш жеңімпаз болады. Жеңімпаз болған тауардар түрлі тауар тобына жатады және олардың тұтынушылық құрамы да жоғары деңгейде, сондықтан оларға тең келу оңай болмайды», – деп атап өтті ОҚО КП жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Айдана Бейсебекова.

Сарапшы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өндірістік, азық өнімдері және өндірістік-техникалық тауарларын өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алатындығын және байқау ұйымдастырушыларымен мақұлданған өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін және жүйелі жақсаруын қамтамасыз ету үшін оң нәтижелерге ие екендігін атап өтті.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына келетін болсақ, 2018 жылдың 22-23 маусымында ОҚО-да «Көрме» орталығында өтпек. Өңірлік байқау жеңімпаздары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатыса алады. Сонымен қатар байқаудың қосымша кезеңі – қоғамдық онлайн дауыс беру енгізіледі. Тұтынушылар өз дауыстарын 27 анықталған финалистерге бере алады. Сондай-ақ, байқау дипломанттарының қосымша атағын беру алынып тасталды. Түпкілікті бағалары және сараптамалық қорытындылары бар финалистерді онлайн-дауыстарын ескере отырып, атақ беру үшін Комиссияға беріледі.

ҚР «Алтын сапа» Президент сыйлығы байқауына қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін, ал «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысушылар 2018 жылдың 20 маусымына дейін өңірлік Кәсіпкерлер палаталарына өтінім мен материалдарды тапсыруы тиіс немесе  www.altynsapa.kz. сайтында электронды нұсқада да тапсыра алады.

Екі байқауға да өтінімдер қабылдау 2018 жылдың 20 ақпанында басталып кетті. Сол себепті ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті компанияларға өтініш беруді жеделдетуге шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер