«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын сапа»-2018: өтінім қабылдау басталды!

2018 жылғы 20 Ақпан
14550 просмотров

Ұлттық палата «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына өтінім қабылдауды бастады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Брифингке «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, «Атамекен» ҚР ҰКП  Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова, ҚР Президенті «Алтын сапа» сыйлығы «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының 2017 жылғы лауреаты Қызылорда облысындағы «Абзал и Компания» ТС директоры Мағжан Ералиев және ҚР Президенті «Алтын сапа» сыйлығы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымының 2017 жылғы лауреаты Қарағанды облысындағы  «Дефектоскопия» ҒӨБ» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Қайрат Шамшиев қатысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ­– 2015 жылдан бері сапа саласындағы байқаулардың ұйымдастырушысы. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету.

ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі байқауларды ұйымдастыру мен өткізу процедурасын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 24 қарашасында Жарғыға өзгертулер енгізілгені жайында айтты. Биылғы 2018 жылдың байқауы соңғы өзгертулерге сай өтеді. «Алтын сапа» байқауына жаңадан ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерінің өндірісі саласына арналған төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілді. 

«Комиссияның құрамы да өзгерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен қайта өңдейтін тағам өнеркәсібі заңды тұлғалар бірлестіктерінің бір-бірден енгізілді, Сонымен қатар байқауға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру шарасы – «Алтын сапа» сыйлығының әр лауреатына 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Бұл сыйақы халықаралық байқауға қатысуға ынталандырады», ­ – деп хабарлады Лаззат Рамазанова.

«Алтын сапа» сыйлығы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт аталым бойынша табысталады: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққар арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».

 «Алтын сапа байқауы 4 кезеңнен тұрады. Байқаудың жаңа кезеңінде білікті сарапшылар кәсіпорынды тексеру қарастырылған. Атап айтқанда срапашылар финалға жолдама алған кәсіпорындарды барып тексереді.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысшы орган ретінде үздіктерді іріктеудің ашықтығы мен бағалауында кәсібилік пен жауапкершілікті арттыру үшін білікті де танымал адамдардың қатарынан  сарапшылардың электронды реестрін енгізетін болады», ­– деп хабарлады Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

Брифингте «Атамекен» ҚР ҰКП  Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауынң өткізілу тәртібі жайында ақпарат берді.

«Көрме-байқауының өңірлік кеңестерінде қаржыландыру көзі облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдіктеріне бекітілді. Жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды, себебі жеңімпаз болған тауардар түрлі тауар тобына жатады, олардың тұтынушылық құрамы екі жағдайда да жоғары деңгейде. Үш аталымда теңдей үш жеңімпаз анықталады. Сонымен қатар байқаудың қосымша кезеңі – қоғамдық онлайн дауыс беру енгізіледі. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша онлайн-дауыс беруге қатысатын 27 финалға қатысушы анықталады. Сонымен қатар, байқау дипломанттарының қосымша атағын беру алынып тасталды», ­– деп хабарлады Салтанат Әбдікәрімова.

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы Астанада 12-13 қазанда «Көрме» орталығында өтеді. Тиісінше өңірлік көрме-байқаулар мамыр-шілде айлары аралығында ұйымастырылады.

«Байқауға құжат дайындауға қатысты оқыту семинарлары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында сәуір-мамыр айларында өтеді. Арнайы кестесі наурыз айында «Алтын сапа» сайтына жарияланады», – деді Салтанат Әбдікәрімова.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес байқаулар жыл сайын өткiзіледі.

Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды.

Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе  www.altynsapa.kz. сайтында электронды нұсқада Байқауларға қатысушылардың материалдарын рәсiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.

Брифинг барысында ҚР Президенті «Алтын сапа» сыйлығы «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының 2017 жылғы лауреаты Қызылорда облысындағы «Абзал и Компания» ТС директоры Мағжан Ералиев байқаудың артықшылықтары жайында айтты.

«Абзал и Компания» толық серіктесі ауыл шаруашылығы компаниясы болып есептеледі. Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш егеміз, сатумен айлысамыз.  Жұмысты экспедиторлықтан бастадық. 1994 жылы компаниямыз  құрылған болатын.  Қәзір қызметкер саны 500 адам болды, 23 жыл бойы күрішпен айналысып келеміз. Толық серіктестік жылынат 45 мың тонна қара күріш жинайды, оның 60%-ы экспортталады. Күрішті өңдеу бойынша екі зауытымыз бар.  «Алтын сапаға» құжаттарды жинау барысында 10 критерийге сай келдік. Тұтынушыларымызға сапаны жақсарту бойынша  көрсеткіштерді әрқашан жариялап отырамыз. Елбасы қолынан ең жоғары дәрежедегі жүлдені алып, үздік атанған соң үлкен мотивация алдық. Жақсы әрі үздік болуға талпынысымыз артты», – деді кәсіпкер.   

Брифингті қорытындылай келе Лаззат Рамазанова былтыр қазақстандық 3 компания ТМД көлемінде өтетен халықаралық сапа байқауға қатысқан болатынын айтты.  

«Сарапшылар Қазақстанға келіп, біздің байқауға қызығушылық танытты. «Алтын сапа» сыйлығындай ТМД бойынша байқау жоқ. Бұл сыйлықты Елбасының өзі тапсырады, осы уақытқа дейін 100-ден аса кәсіпорын сыйлыққа ие болды. Осылайша отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсетіліп келеді», – деді Лаззат Рамазанова.  

2018 ЖЫЛҒЫ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер