«Алтын сапа»: «Аралтұз» АҚ — Қазақстандағы тұзды өндіретін және өңдейтін көшбасшы кәсіпорын
6 желтоқсанда Елорда төрінде 2017 жылдың «Алтын сапа» сыйлығының иегерлері мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жеңімпаздарының есімдері аталады
Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамда» экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған Ұлттық чемпиондарды анықтаудың маңыздылығы туралы айтылған болатын. республикалық «Алтын сапа» сыйлығы бұл бағытта ерекше үлес қосып отыр.
Аталмыш сыйлықта, бұған дейін айтқанымыздай, Қызылорда облысы атынан «Аралтұз» АҚ мен «Абзал және К» ТС қатысады.
Бұл компаниялардың өнімдері жарнамаға мұқтаж емес. Себебі аттарының өзі брендке айналған компания өнімдерін еліміздің ғана емес, шет елдің тұрғындары да кеңінен қолдануда.
Айта кету керек, «Атамекен» ҰКП-сы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын негізгі ұйымдастырушы.
«Алтын сапаның» алтын белгісін алуға үміттілердің бірі – ел нарығында тұзды өндіру мен өңдеудегі көшбасшы компания - «Аралтұз» АҚ.
«Аралтұз» АҚ республикадағы тұз қазу мен оны өндеу бойынша ең iрi кәсiпорын болып табылады. Биыл мекеменiң құрылғанына 92 жыл толды. Йодталған ас тұзын шығаратын және оның негiзгi өндiрушiсi. Акционерлік қоғам сапалы тауар шығару бойынша көптеген халықаралық және республикалық көрмелер дипломдарының иегерi.
2001-2003 жылдары «Аралтұз» АҚ-да зауыт тарихында бiрiншi рет қайта құру жұмыстары атқарылып, өндiрiске «тұзды екiншi рет байыту» технологиясы енгiзiлген. Яғни тұзды жуу, майдалау, йодтау және кептіру жұмыстары қазіргі заман талабына сай орындалуда.
2012 жылдан бастап «Аралтұз» АҚ-на жаңа инвестордың келуіне орай, көптеген игілікті жұмыстардың шарасы жүзеге асты.
Елбасының қолдауымен жүзеге асқан индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – бизнесті дамытуға және жаңа бастамаларды іске асыруға кең өріс алған.
Соның арқасында «Аралтұз» АҚ ас және техникалық тұз өндірісін ұлғайту» жобасын іске қосқан.
Жобаға екі жарым миллиард теңгенің үстінде инвестиция салынып және дүние жүзі бойынша тұз өндіруге арналған құрал-жабдықтың көшбасшысы Испания («Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.») компаниясының құрал-жабдықтары алынған.
Бұған дейін зауыт өнімділігі жылына 120,0 мың.тонна болса, жаңа зауытты іске қосу арқылы өнімділікті 1,7 есеге ұлғайтуға мүмкіндік алды.
Бұрын «Аралтұз» АҚ-на ішкі нарықта ас тұзының 70% тиесілі болса, жаңа зауытты іске қосу арқылы ішкі нарықтағы үлес 90% дейін жеткен. Сәйкесінше, сыртқы нарықтағы үлесі де ұлғайған.
Әлеуметтік тұрғыда зауытта барлығы - 1200 жуық жұмысшы қызмет атқаруда.
«Аарлтұздың» өнімдері Қазақстан нарығынан өзге Қытай, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері мен өзге де елдерге экспортталуда.
Алдағы уақытта кәсіпорын химия өнеркәсібін дамыту мақсатында құны 246,0 млн АҚШ долларын құрайтын кальцийлендірілген сода және кір жуғыш ұнтақ шығару жобаларын іске қосуды жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: