Семейдің киіз өнімдері ТМД нарығына шықты
Шығыс Қазақстан облысы атынан «Роза ВВК» компаниясы Қазақстан Ресбликасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткер. Кәсіпорын құрылғалы бері талай күрделі де қиын кезеңді өткерді. Алайда белгілі бір қиындықтарға қарамастан, компанияның жетістігі айтарлықтай, бүгінде оның өнімдері елімізде де, сондай-ақ ТМД мемлекеттеріне де таралады.
«РОЗА» жеке кәсіпкерлігі 1991 жылы бір ғана дәнекерлеу аппаратының негізінде құрылған. Ал 1997 жылы «Киіз бұйымдары» ұжымдық кәсіпорнын сатып алды.
Кәсіпорын жұмысы тұралап, ескі үлгідегі жабдықтармен қалған еді. Барлығын қайта қалпына келтіріп, мамандар легін қайта жасақтап, өндіріс технологиясын өзгерту, цехтардың қайта жаңартып, жабдықты жөндеп, өзгерту жұмыстарын өндірісті тоқтатпастан, қаржы бөліп, атқару керек болды. «РОЗА» жеке кәсіпкерлігі ұйымдастырушылық-құқықтық формасын өзгере отырып, ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өтті және 1999 жылы 3 желтоқсанда «РОЗА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта құрылды.
1997-1999 жылдар аралығындағы өте қысқа мерзімде «РОЗА» ЖШС айтарлықтай жетістікке жетіп, мақсат-міндеттерін жүзеге асырды. 1999 жылы «Күнделікті сұраныстағы тауарлар» аталымында дипломмен марапатталып, халық тұтынатын сапасы жоғары тауарды өндіргені үшін медаль иеленіп, ресми түрде «Миллениум-Пати» ресми жеткізушісі атауы берілді.
2014 жылы қайта жаңартылғаннан кейін кәсіпорында ескірген жабдықтардың 90% ауыстырылып, «РОЗА-ВВК» ЖШС өнімі ресейлік кәсіпорындармен ғана емес, шетелдік кәсіпорындармен де бәсекеге шыға алады. Киіз өндірісі сапалы игеріліп, өнімнің сұрыпталымы артты: ерлерге, әйелдер мен балаларға арналған аяқ киімдер тігілді, өнімнің сырты түрі өзгертіліп, боялған және боялмаған киізден тігіле бастады.
Киіз бұйымдарының түрлері де көбейді – болат қорытушының қалпағы мен қолғабы, дәнекерлеуші мен болат құюшының киімдері, ұлтарақ. Технология мен техникалық сипаттағы өнім шығару үнемі жетілдіріліп келеді – өндірісті және мал шаруашылық орындарын, автокөлікті, құбыр желілерін қаптауға, жылытуға арналған киізді шығарады.
Бәсекелік қабілетті арттыру үшін кәсіпорын жаңа өнім түрлерін шығаруды бастады. Қазіргі таңда етіктің жаңа үлгісін шығаруға, етік құятын нығыздау қалыбын алды. Тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде «ШҚО үздік тауары –2015» аталымында үздік кәсіпорын атанды. Кәсіпорын қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, мәдени шараларға атсалысып келетіндігін де атап өту керек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: