28 шілде күні «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы басталады
2017 жылдың 28 шілде күні Астана қаласы «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы өтеді. Шара аясында сатып алулар, өткізу, сауда және экспорт тақырыптары талқыланады.
Форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілеріне ірі сатып алушылармен өнім сапасын жақсарту, өнімді өткізу, сатып алулардағы ашықтық, экспортқа шығу мәселелерін талқылау үшін мүкіндік беру.
Отандық тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасында байланысты нығайту мақсатында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылады.
«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумының аясында 28-30 шілде күндері «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік жеңімпаздарының тауар көрме-байқауы, «Қазақстанда жасалған» 206 компания өндірісі көрмесі өтеді. Барлығы 350 үздік компания өз өнімін ұсынады, көрме қонақтары ұнатқан тауарын өндірушінің өзінен алу мүмкіндігіне ие болады. Бұдан бөлек көрме қонақтары күнделікті сағат 16:00-де өтетін бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады.
Аталмыш шаралардың алғаш рет ұйымдастырушылары ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП және «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры танылып отыр.
Осыған орай сіздерді аталған шараларға қатысуға және ҚР ҰКП «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығын иеленуге арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауларына жауапты тұлғалар мен салалық қауымдастықтарды шақыруды сұраймыз.
Өтетін орны мен күні: 28-30 шілде күндері, Астана қ., Достық көшесі 3, «Көрме» орталығы.
Көрмеге кіру тегін.
«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: