Үздіктер қатарында кімдер бар?
«Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде отандық өнім қойылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады
Айта кетелік, 14 облыс пен Астана мен Алматы өңірлік палаталары базасында 2017 жылдың 19 сәуірі мен 2 маусым аралығында бекітілген тәртіп бойынша байқауға қатысушыларға арнап семинарлар өтеді.
Аталмыш семинар байқау қатысушыларына байқау матераилдарын дайындау, байқаулар шарттары мен тәртібін түсіндіру, сапа саласындаға басқа халықаралық байқаулармен танысу бойынша кеңес беру, әдістемелік көмекті қарастырады.
2017 жылдың ақпан айында «Атамекен» ҚР ҰКП «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығын иеленуге арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу басталғанын хабарлады.
Сыйлық 2006 жылы Қазақстанның жаңа экономикасын құру, отандық өнім өндірісін дамыту, тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің үздіксіз сапасын арттыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тағайындалған болатын. Жыл сайын аталмыш мәртебелі сыйлықты алуға үміткер ретінде республиканың 200 кәсіпорны іріктеледі. Сыйлықты жеңімпаздарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев табыстайды.
2017 жылы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын өңірлердегі кезеңін өткізудің тізімі жарияланған болатын. Бүгінде өңірлер бойынша үздік компаниялар анықталды. Жеңіске жеткен 144 компаниялардың тізімі келесідей тәртіпте сілтемеде көрсетілген:
2017 жылдың 28 шілдесінде Астанада «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы өтеді.
Отандық тауар өндірушілерінің ІІІ форумында сатып алулар, өткізу, сауда мен экспорт тақырыптары талқыланады.
Форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілеріне ірі сатып алушылармен өнім сапасын жақсарту, өнімді өткізу, сатып алуларда ашықтық, экспортқа шығу мәселелерін талқылау үшін мүкіндік беру.
Отандық тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасында байланысты нығайту мақсатында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылады. Форумға тіркелу http://ulydalaeli.kz сайты бойынша жүзеге асады.
«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілерінің ІІІ форумы аясында 28-30 шілде аралығында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік 144 жеңімпазының көрмесі мен «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтеді.
Аталмыш шаралардың алғаш рет ұйымдастырушылары ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП және «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры танылып отыр. Еліміздің үздік 350 кәсіпорны өз өнімдерін көрмеге қойяды, тауарларды көрме аясында сатып алуға мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек көрме қатысушылары бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Ұтыс ойындары көрме аясында күнделікті 16:00-де өткізіледі.
Осыған орай сіздерді аталған шараларға қатысуға шақырамыз.
Көрмелер сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін «Көрме» орталығында өтеді.
http://palata.kz/ru/news/26688
http://palata.kz/ru/news/26782
http://palata.kz/ru/news/26864 Астана
http://palata.kz/ru/news/26817 Алматы
http://palata.kz/ru/news/26871 Қостанай
http://palata.kz/ru/news/26868 ШҚО
http://palata.kz/ru/news/26866 Көкшетау
http://palata.kz/ru/news/26835 СҚО
http://palata.kz/ru/news/26841 Қараганды
http://palata.kz/ru/news/26825 Талдықорған
http://palata.kz/ru/news/26790 БҚО
http://palata.kz/ru/news/26781 Тараз
http://palata.kz/ru/news/26499 Атырау
http://palata.kz/ru/news/26873 Ақтөбе
http://palata.kz/ru/news/26775 Қызылорда
http://palata.kz/kk/news/26754 Ақтау
http://palata.kz/ru/news/26703 Павлодар
http://palata.kz/ru/news/26070 «Қазақстанның үздік тауары» семинары шақыру
Пікір қалдыру:
Пікірлер: