«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауары» отандық кәсіпкерлер үшін жақсы жарнама

2017 жылғы 01 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10404 просмотров

Петропавлдағы көрме-байқауға қатысқан кәсіпкерлер өз тауарларын халыққа жақынырақ таныстыруға мүмкіндік алды

Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның үздік тауары-2017» өңірлік көрме-байқауына жергілікті 140  кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлік қатысты. Байқауға қатысу үшін барлығы 43 өтінім түскен. Оның ішінде 16  өтінім «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымына, 9 өтінім – «Өндірістік мақсатттағы ұздік тауарлар» аталымына, 18 өтінім – «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымына ұсынылды.

Көрме-байқауды СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Искаков ашып, мұндай байқауларды өткізу кәсіпорындар мен тауарлардың сапасын арттыруға сеп болатынын айтты.

 «Үздіктер түрлі критерийлер бойынша іріктеледі. Біріншіден, тауардың жаңашылдығы, инновациялық құндылығы, сұранысқа ие болуы, танымалдылығы, біздің өңір үшін брендтің немесе өнімнің маңыздылығы. Біздің назарда өз дамуында белгілі бір жетістікке жеткен кәсіпорындар.  Өңірде қандай кәсіпорныдар жұмыс істейді, олар қандай өнім шығаратынын халыққа таныстыру – мақсатымыз», – деді директор.

Дәстүр бойынша көрмеге келген қонақтар мен қатысушылар көрме-байқауға қатысушы кәсіпорындардың тауарларын бағалай алды. Көрмеге Қазақстанда жасалған азық-түлік, киім-кешек, техникалық жабдықтар тауарлары қойылды.  

Айсұлу Исманова – ауыл кәсіпкері. Ол ІІІ топтағы мүгедек. Іскер әйел ұлттық киім мен әшекейлерді, тұрмыстық заттарды жасаумен айналысады, өндірісте жаңа технологияларды игеру қолға алынған. Айсұлу Исманова енді бизнесің кеңейтуді армандайды.

«Көрме-байқауға жұмысымды көпшілікке көрсету үшін келдім. Шараға екінші рет қатысып отырмын, былтыр тауарлық сөремізде заттар аз болатын. Биыл ұсынып отырған тауардың аталымын айтарлықтай ұлғайттық. Тауарыма сұраныс бар, тіпті кейде қосымша көмекшілерді жалдауға тура келеді. Алайда бір қатар мәселелер де бар, аудандық жерде тауарды жеткізу жолдардың тозығынан кешігіп жатады», – деді кәсіпкер.

  

Іріктеу өткізілгеннен кейін үздіктер анықталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Север Монтаж Автоматика» ЖШС үздік болып танылды. Кәсіпорын нарықта жоблау, монтаждау жұмыстары бойынша кеңсе мен тұрғын үйге «ақылды үй» коммуникациларын ендіру арқыл танылды. Кәсіпорын 3D принтерлер, баспалық платтар, қауіпсіздіктің кешенді локомотивті құрылғылар өндірісі үшін үздік болып танылды. Екінші дәрежелері дипломды «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ еншіледі. Үшінші дәрежелі диплом «ЗМО» ЖШС-на бұйырды. 

«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында үздік болып «Soltustik Rubber Recycling» ЖШС танылды. Кәсіпорын өңірде көлік шиналары қалдықтарын қайта өңдеп, гранулаға айналдыратын жалғыз ресми компания.

«Біз өндіретін резеңке тақта жақсы сұранысқа ие. Біз Қазақстан бойынша таратып, сонымен қатар тауарды Ресей Федерациясына экспорттаймыз. Бүгінде бір ауысымда 2000 кг резеңке қиқымын өндіреміз. Келешекте шаруа қожалықтарына арналған резеңке кілемшелерді жасау жоспарда», – деді «Soltustik Rubber Recycling» ЖШС сауда бөлімі бастығы Игорь Машковцев.  Екінші орынды «Петропавл арақ зауыты» ЖШС алды, үшінші орын жеке кәсіпкер Владимир Левин еншіледі.

«ViZaVi Company» ЖШС екі жыл қатарынан «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша үздік болып танылды. Кәсіпорын жоғары сапалы кондитерлік өнім шығарады. Айта кетлік «ViZaVi Company» кәсіпорынның иесі Ляйла Сайдашева СҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

 Бұл аталымда екінші орынды жеке кәсіпкер Юрий Пилипушко ұтып алды. Бұл жеке кәсіпкерлік 2015 жылдан бастап  бал шаруашылығы шикізаты мен өнімді қайта өндеумен айналысады. Бүгінде кәсіпкерлікте 200 ара ұясы бар. Үшінші орында ««Казмолторг» ЖШС. Зауыт 12 түрлі сүт өнімін шығарады, 65 адам жұмыспен қамтылған. Жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық байқауда бақ сынасады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер