«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үй жануарларына киім тігетін ателье ашылды

2017 жылғы 26 Маусым
- Қостанай облысы
8337 просмотров

Ит пен мысыққа киім алу үшін тапсырысты үйде отырып жасауға болады

Ерекше бизнес-жобаны Рудный қаласындағы танымал модельер, «Эксклюзив» дизайн-студиясының жетекшісі Татьяна Магданова ұйымдастырды. Іскер әйел ит пен мысыққа арнап киім тігуді бастаған. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар демекші бұл бастама тұтынушылардың сұрауы бойынша қолға алынған. Бастапқыда  бірді-екілі тапсырыс болған, бірте келе сұраныс арта түсті. Бүгінді ателье ит пен күшік асырайтын жандарға сапалы матадан тігілген күздік жылы комбенизондар, жаздық әдемі жемпірлер мен кеудешелерді ұсынады. Киімдерде әр иттің мінезіне қарай түстер мен стиль де байқалады.  

Үй жануарларына арналған киімдерге дүкеннен басқа интернет арқылы тапсырыс беруге болады. Сатуды жолға қою үшін ателье иесі әлеуметтік желілерде де парақшалар жүргізеді.

«Интернет арқылы тапсырыс жасау өте ыңғайлы. Клиенттер еуростандарт бойынша киім мөлшерін жібереді, тілектері мен ескертпелерін айтады да дүкенге дайын өнімді алу үшін бірақ келеді. Бұл бағыттың болашағы зор, тігіншілеріміз де кәсіпқой, әр тұтынушыдың көңілінен шығу үшін барымызды салудамыз», – деді кәсіпкер Татьяна Магданова.

Ит-мысыққа арналған авторлық киім топтамасын іскер әйел «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынбақ. Кәсіпкердің байқауға қатысу бойынша тәжірибесі бар. Былтыр «Магданова» жеке кәсіпкерлігі «Алтын ине» атты арнайы сыйлықты жеңіп алған болатын.

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының мәліметінше биыл байқауға қатысуға  20-дан астам өтінім түскен. Кәсіпкерлер ұсынып отырған тауарлар сан алуан. Ұн, нан мен сүт өнімдері, ауыз суы, жылыту қазандары, дәретхана қағазы және басқа тауарлар байқауға қатысады. Жоспар боынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік кезеңін өткізу шілде айының бірінші жартысына жоспарланған. 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер